Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Балалар БА-сының базисті қабынуға қарсы сипатты сатылы



Pdf көрінісі
бет860/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   856   857   858   859   860   861   862   863   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Балалар БА-сының базисті қабынуға қарсы сипатты сатылы
емі.
БА- ның базисті емінде қолданылатын дәрілер: 
Натрий кромгликаты (интал, кромолин, кропоз және басқалар).
-
Мемраностабилдеуші әсерге ие; 
-
Фосфодиэстерзаны, цАМФ – жинақталуын зорлап және кальцийдің клеткаға енуін
блоктап, «мес» жасушалардан және базофильдерден біріншілік және екіншілік
медиаторлардың шығуын басады;
-
Әртүрлі аллергиялық қабынудың дамуына қатысатын эозинофильдердің,
макрофагтардың, нейтрофильдердің және тромбоциттердің активтілігін тежейді;
-
С-талшықтарның және кезбе нервтің ұшына әсер ету есебінен афферентті нервтердің
сезімталдығын азайтады;
523


-
Натрий кромгликатының жағымсыз әсері өте сирек кездеседі;
-
Пайдалану ыңғайсыздығы күніне 4 рет ингаляция жасау керек.
Спинхалер (турбоингалятор) көмегімен ингаляция жасалатын дәрінің ұнтақ түрін
(капсулада 20 мг) 7 жастан асқан балаларға 1 капсуладан күніне 4 қолданады. 
Инталдың b2-адремиметиктермен қосақталған күрделі түрлеріде (интал плюс, дитек)
болады. Оларды базисті емнің басында баланың жағдай тұрақсыз болғанда немесе базисті
ем жүргізіліп жатқанда баланың жағдайы нашарласа негізгі емге қосымша ретінде
қолданылады. Мөлшерленген аэрозоль ретінде (1 дозада 5мг) 2 дозадан күніне 4 рет
тағайынадалады. 12 жасқа дейінгі балаларға ингаляция спейсер арқылы жасалады.
Небуланың судағы ертіндісін 5 мг -н 2 мл-де 2 мл-ден күніне 4 рет небулайзер арқылы
ингаляция жасайды.
Натрий недокромилі-тайлед
. Инталдың құрылымдық аналогы. Әсер ету
механизмінде айырмашылық бар: проқабынулы клеткалардан LTC
4
, PGD
2
, PAF,
хемотоксикалық факторлардың босауын ингирбилейді, нейропептидтердің шығуын
зорлайды. Бұның бәрі қабынуға қарсы және жөтелге қарсы әсер етуге мүмкіндік береді. 
-
Мөлшерлеуші аэрозоль – 1 дозада 2мг; күніне 2 дозадан 2 рет ингаляция жасалады;
-
Жағымсыз әсері сирек байқалады;
-
Тәулігіне 2 рет қолдануға болады.
Кетотифен (астафен, задитен)
. Аллергиялық зақымдалу полимүшелік болғанда не-
гізінен ерте жастағы балаларда қолданылады. «Мес» клеткалар мен базофильдердің меди-
аторлар түзуі мен секрециясын төмендетеді, Н
1
– гистаминдік рецепторларды блоктайды.
Балаларға тәулігіне 0,025 мг/кг-нан ертеңгісін және кешкісін тамақпен бірге
тағайындайды. Жағымсыз әсеріне 10-20% балаларда байқалатын тыныштандыру әсері,
тәбетінің артуы және дене салмағының артық қосылқы жатады.
Лейкотриендік рецепторлардың селективті антогонистері
– зафирлукаст (аколот)
және монтелукаст (сингуляр). 
- Арахидон қышқылының метаболизмінің өнімі болып келетін, қабыну жасушаларымен
(эозинофильдер, базофильдер, «мес» клеткалар, макрофагтар, моноциттер) түзілетін
LTC
4
, LTD
4
, LTE
4
цистеинді лейкотриендер (анафилаксияның жәй әсер ететін
субстанциясы) рецепторларын таңдап блоктайды.
- Қабынуды азайтады, бронх гиперреактивтілігін төмендетеді.
- Астманың жеңіл және орташа түрлерінде және стероидқорғаушы препарат ретінде
пайдаланылады.
Сингуляр күніне 1 рет, кешке 5-10 мг-нан тағайындалады. Аколат-20 мг-нан
тәуелігіне 2 рет, ертеңгісін және кешкісін тамақтан 1 сағат бұрын немесе 2 сағат кейін
тағайындалады. Емдеу курсы – 3 ай, кейде оданда көп.
-
Жағымсыз әсері көрсетілмеген.
Серетид 
(сальметерол ксинафоат, флутиказон пропионат). Сальметерол белігілердің
пайда болуының алдын алады (пайда болуына қарсы әсер етеді), флутиказон пропионат
өкпе функциясын жақсартып, өршудің пайда болуына қарсы әсер етеді. Тек ингаляция
түрінде қолданылады. 
Шығарылатын түрі
: Мөлшерленген арозоль 25/50 мкг/доза, 25/125
мкг/доза, 25/250 мкг/доза, 120 доза, Мультидиск (ингаляцияға арналған мөлшерленген
ұнтақ) 50/100 мкг/доза, 50/250 мкг/доза, 50/500 мкг/доза, 60 доза.
Үлкен адамдар мен 12 жастағы және одан үлкен балаларға 25 мкг сальметерол және
50 мкг флутиказон пропионат тәулігіне 2 рет, немесе тәулігіне 25мкг сальметерол және
125мкг флутиказон пропионат 2 рет, немесе 25мкг сальметерол және 250мкг тәулігіне 2
рет жасалады. 4 жастағы және одан үлкен балаларға 25мкг сальметерол және 50мкг
флуктизон пропионат тәулігіне 2 рет жасалады.
Эпизодтық БА (1-ші саты).
Жеңіл. Науқас ингаляциялық кортикостероидтармен емді
қажет етпейді. Элиминациялық шаралар, қосарланған риниттер бар болса, соларды емдеу
тиімді болып келеді. 
524


Жеңіл персистеуші БА (2-ші саты).
Кромондармен 3 айдан кем емес мерзім бойына
емдеу. Емнің басында антилейкотриендік дәрілерді, ұзақ әсер ететін β
2
-агонистерді,
ұзартылған теофилиндерді қолданған жөн. Нәтижесі шамалы болса иГКС-дың аз дозалары
үлкен спейсерлерді (0,75 л) пайдаланып беріледі. 
Орташа ауыр персистеуші БА (3-ші саты).
иГКС-дың аз және орташа дозалары
иГКС-дың төменгі дозаларымен, антилейкотриенді дәрілермен қосарланып қолданылады. 
Ауыр персистеуші БА (4- ші саты).
Күрделіленген дәрілер, иГКС орташа және
жоғары мөлшерде қолданылады. Антилейкотриенттық препараттар, жәйлап босайтын
теофиллиндер қолданылады.
Базисті емнің тиімділігі тұрақты, пикфлоуметрия жүргізу арқылы бағаланып
отырады. БА-ны қадағалауға қол жеткізілгеннен кейін, 3 айдан кейін ғана базисті емді
өзгертуге болады. иГКС дозасын 25-50%-ға 3 ай сайын, науқастың жағдайы тұрақты
болса, азайтады.
Алдын-алу қасиеті бар дәрілерден
– интал (кромолин натрий) педиатриялық
практикада жиі қолданыла бастады, ол фосфодиэстеразының белсенділігін жойып, «мес»
клеткаларда клеткалардағы цАМФ-тың концентрациясын көбейтеді. Сол себепті «мес»
клеткаларың мембраналары арқылы жүретін кальций иондарының тасымалдануы
нашарлап, олардың дегрануляциясын болдырмайды және аллергиялық медиаторлардың
шығуының алдын алады. Интал мукоцилиарлы тасымалдануды жақсартады. Ол атопиялық
демікпеде жақсы нәтиже береді. Нәтиже 2-4 аптадан кейін байқала бастайды. Кейбір
науқастарды инталмен емдеу кезінде глюкокортикоидтарды тоқтатуға немесе олардың
тәуліктік мөлшерін азайтуға болады. Сөйте тұра, интал демікпенің ауыр түрінде оң нәтиже
бере алмайды. 
Демікпенің атопиялық түрінде бактериясыз аллергендермен арнайы
гипосенсибили-
зациялау
қолданылады. Арнайы терапия көп ауруларда (80-85%) жоғары нәтижелі әсер
етеді. Клиникалық динамикасының жақсаруымен қатар, арнайы гипосенсибилизациялау-
дың әсерінен, қан сарысуындағы деңгейі жоғарылайды да, блокирленген антиденелердің
саны өседі. Клеткалық иммунитет күшейіп, бұрын саны азайып кеткен Т-лимфоциттер
қайта көбее бастайды, клетка-супрессорлардың субпопуляциясының деңгейі көтеріліп, ал-
лерген арнайы супрессияның индукциясы (орналасуы) күшейеді. Көп жылдар бойы қолда-
нылып келген арнайы гипосенсибилизация әдісі өте жоғары нәтижелер беріп келе жатыр.
Бірақ, арнайы гипосенсибилизациядан соң науқас толық сауығып кетпейді және бактерия-
лы вакциналар аллергиялық ауруларда емдеуде оң нәтиже беретіні дәлелденбеген.
Атопиялық демікпеде Т-лимфоциттердің деңгейі азайып кетуіне байланысты,
иммундымодурлеуші
дәрілерді қолданған жөн. Көбіне девамизол қолданылады. Сонымен
қатар, кейбір авторлардың айтуы бойынша, иммундымодурлейтін дәрілерді өте сақ түрде,
міндетті түрде иммунологиялық бақылау жүргізе отырып тағайындаған жөн.
Соңғы жылдары дәрісіз емдеу әдістеріне көп көңіл бөлінуде: 
емдік дене шынықтыру,
физиотерапия, рефлексотерапия, инетерапиялар
кеңінен қолданылып, біршама оң нәтиже
көрсетіп отыр, яғни, клиникалық динамикасы жақсарып, орталық жүйке жүйесінің
биоэлектрлік белсенділігі қалпына келеді, өкпелік вентиляция жақсарады, қан
сарысуындағы кортизолдың деңгейі көтеріледі. Дегенмен, рефлексотерапия тереңірек
зерттеуді қажет етеді. 
Орташа және ауыр ұстамадан науқас шыққаннан кейін ең болмағанда 3 күн бойына
күнде бақылап, қадағалап отыру керек
Демікпемен ауыратын науқастарды реабилитациялаудың маңызды бөлігіне науқасты
жергілікті және климаттық санаторияларда емдеу жатады.
Спелеотерапия
– демікпемен
ауыратын науқастарды тұзды шахтаның микроклиматында емдеу, ол әрі қарай зерттеп,
тексеруді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   856   857   858   859   860   861   862   863   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет