Балаланың күрт психикасы бұзылып, өзімшілдік, эмоциялық беріксіздік немесе
керісінше енжарлық, ұмытшақтық, шаршағыштық, жаугершілік (агрессивтік) пайда
болады. Бұлармен қатар, гиперкинездер мен қимылдық активтілік және бұлшық ет
гипотониясы мен бұлшық ет әлсіздігі пайда болады. Науқас баланың бет-аузы жыбырлап,
сөзінің анықтығы жойылады, буындарының қимылдары бұзылады, жазуы өзгереді,
қолына зат ұстай алмайды, ұстаған заттары түсіп кетеді. Бұл көбіне мектептегі балалардың
қолындағы қаламының жерге түсіп кетуіне, жазып келе жатқан сөзінің, әріптерінің қисық
болуы, тіптен жаза алмауына әкеліп соқтырып, “қиын бала” (“жаман бала”) деген ұғым
туғызуы мүмкін. Қыз балалар дастарханға тамақ әкелгенде, қолындағы ыдыстары түсіп
кетуі мүмкін. Жалпы қимылдарының мазасы кетіп, дәлдігі бұзылады. Ауыр жағдайларда
сөйлей алмау қалуы, тыныс алуының бұзылуы, зәрінің және нәжісінің тоқтамауы, көзін
тоқтатып қарау мүмкіншілігі бұзылуы мүмкін.
Кейде бұлшық ет гипотониясының маңызы артады. Балалар отыра, жүре алмайды,
жұту және басқа физиологиялық процесстер бұзылады. Хореяның көптеген белгілерінің
ішінде “бос иық” (науқасты екі қолтығының астынан алып көтергенде, басы екі иығының
арасына түсіп кетеді). Черни (ауаны ішіне тартқанда төс өсіндісінің астының ішке қарай
тартылуы). Филатовтың “көз және тіл” (бір уақытта көзін жұмып, тілін шығара алмауы).
“хореялық қол” (қолын ілгері созғанда қолының басының буыны бүгіліп, алақан-саусақ
аралық буындардың кейін жазылу). Гордон (тізенің сіңірлік рефлексін анықтағанда,
жоғары көтерілген балтырдың төмен түспей тұрып қалуы) белгілері анықталады.
Иогихес сынамасы: науқас пен дәрігер біріне бірі қарсы тұрады. Содаң соң дәрігер
қолымен жан-жаққа әртүрлі бағытта қимылдар жасайды, оны ауру бала қайталауы керек.
Бұл сынама қимылдың дәлдігінің сәл ғана бұзылыстарын да анықтауға мүмкіндік береді.
Хореялы гиперкенездер ұйықтағанда жойылып кетеді. Сонымен қатар, саусағымен мұр-
нының ұшын табу, өкше-тізе сынамасы, баланы Ромберг қалпына қойып тексеру қолда-
нылады. Нашар білінетін гиперкинездерді төсегінде шалқасынан көзін жұмып жатқан
баланың аяқ-қолын 1 минут бойына жоғары көтергенде, баланың өзі киіну, шешіну,
киімдерін жинау, әсіресе ілгектерін ағыту және салу кездерінде анықтауға болады.
Хореяның айқын түрлерімен қатар, тән емес (типті емес) түрлері де кездеседі. Бұл
түрлері соңғы кезде, әсіресе мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы
балаларда жиі кездесетін болып жүр.
1. Көбіне шамалы білінетін түрлері байқалады.
Гиперкинездер мен гипотония
айқын
білінеді. Оларда қабағын қағу, тілін шайнау, бетінің, қолының, мойнының бөлек бұлшық
еттерінің тартылуы байқалады. Гипотонияның әдейі тексергенде ғана (жоғарыда
көрсетілген белгілерді қараңыз) анықтауға болады. Азды-көпті эмоциялық бұзылыстар
байқалады. Барысы созылмалы болып келеді де, нервтік тиктен ажырата білу керек.
2.
Параличтік (салдық) түрі
– бұл түрінің негізгі белгісі бұлшық еттер гипотониясы
болып келеді. Осыған орай Н.Ф. Филатов хореяның бұл түрін “жұмсақ хорея” деп атаған.
Бұлшық еттердің тонусының және тіндердің тургорының төмендеуі өте айқын және
тұрақты болып келеді. Сіңір бейнелістері (рефлекстер) өте айқын (қатты) төмендейді де,
шала салдану (парез) және салданудан (паралич) ажырату қиынға түседі. Науқас
балаларды әлсіздік, ұйқышылық, адинамия байқалып, басының, буындарының, бұлшық
еттерінің ауыратынына шағым жасайды. Жәй сөйлейді, сөзі түсініксіз болады, жүректегі
өзгерістер шамалы, миокардит, эндокардит түрінде білінеді. Бұл түрінде хорея көбіне
жеделдеу, баяу (созылмалы), қайталама түрінде дамиды.
3.
Достарыңызбен бөлісу: