ІІ. Орташа активті (II дәрежелі) ревматизм.
А. Клиникалық синдром: а). Ем жай әсер ететін, қан айналымымның әлсіздігінің
(шамасыздығының) I-II дәрежесі байқалатын жеделдеу ревмокардит, б). Жеделдеу
полиартитпен, фибринді плевритпен, нефропатиямен, хореямен, иритпен, тері асты
ревматикалық түйіндермен немесе дөңгелек эритемамен қосарланған жеделдеу немесе
толассыз ( үзіліссіз) қайталанатын (үзіліссіз рецидивті) ревмокардит.
Б. Рентгенологиялық тексерістердің мәлімені: ревматизмге қарсы емнің кері дамитын
жүректің үлкеюі, плевроперикалдиальды жабысулар.
В. Емнің әсерінен кері дамуға душар болатын ЭКГ-дегі (Р-R аралығының ұзаруы,
ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы, коронариттің белгілері) және ФКГ-дегі
(тондардың өзгеруі, шулар, акценттер) динамикалық өзгерістер.
Г. Қан көрсеткіштеріндегі өзгерістер: 8-10х10
9
/л аралығындағы нейтрофильді лейкоци-
тоз ЭТЖ сағатына 20-30 мм аралығында, С-реактивті белок 1-3 плюс. α
2
- глобулиндер
5-16%, гамма глобулиндер 21-23%, серомукоид 0,3-0,6 бірлік аралығында.
Д. Серологиялық көрсеткіштер стрептококтық антиденелердің, негізіне антистрептолизин
0 және антистрептогиалуронидазаның, титрі қалыпты жағдайда 1,5-2 есе артады.
Е. Капиллярлардың өткізгіштігі 2 дәрежеге дейін артады.
Достарыңызбен бөлісу: |