ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Орындаған: Досанова Малика
Топ: 101 мейіргер ісі
Тексерген: Сайтгариева А.Н.
Қостанай, 2020 жыл
Тері ішілік, тері асты, бұлшықетішілік, көктамырішілік инъекция жүргізу алгоритімін суретпен көрсету (сәйкес материалдық жабдықтар, орындау реті, техника)
Тері ішіне инъекция жасау алгоритмі:
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Наукасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіремін Оны жүргізуге келісімін аламын.
2. Гигиеналық деңгейде қолыңызға тазарту жүргізіп,қолғапты киемін.
3. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырамын.
4. Қажетті мөлшерде дәрілік ерітіндіні (0,2-0,3 мл) шприцке сорып аламын, инеден қалпағын алмай, ауаны шығарамын, шприцті ораудың ішкі бетіне саламын.
5. Науқасты отырғызамын немесе жатқызамын, колды білектің ішкі бетін жоғары қаратып қоямын.
6. Инъекция жасайтын жерді спирттелген екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір бағытта тазартамын: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (контейнерге мақта шариктерін саламын). Спирттің толық кебуін күтемін.
7. Оң қолға шприцті аламын: оң қолдың II саусағымен – иненің канюлясынан, V саусақпен–шприцтің поршенін, ІІІ, IV, I саусақтармен–цилиндрдің қыр жағынан ұстаймын.
8. Сол қолдың саусактарымен инъекция жасайтын жердің терісін төмен қарай тартамын.
9. Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (50С бұрышпен) қатарластыра ине қиығының терендігіне (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгіземін.Оң қолдың сұқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басамын.
10. ІІІприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың ІІ, ІІІ саусактарымен цилиндрдің жиегінен ұстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дәрілік ерітіндіні енгіземін.
11. Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» қабығындай).
12. Инені канюлясынан ұстап отырып жылдам қозғалыспен шығарамын.(спирттелген мақта шаригін тері үстіне баспаймын).
13. Шприцті контейнерге ( қалдықтарға арналған ыдысқа) саламын.
14. Қолғапты шешіп, контейнерге саламын.
15. Қолымды жуып, кептіремін.
16. Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенің науқасқа түсіндіремін.
17. Науқастың медициналық картасына орындалған емшара туралы жазба қалдырамын.
Ескерту: биологиялық пробасын жүргізген кезде 20-30 минуттан кейін реакциясын бағалаймын.
Тері астына инъекция жасау алгоритмі:
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіремін, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті хабарлаймын.
2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартып,қолымды спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен өңдеп, қолғапты киемін.
3. Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, құрастырамын.
4. Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып аламын.
5. Науқасты отырғызамын немесе жатқызамын.
6. Спирттелген екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартамын: ең алғаш үлкен көлемді, сосын тура инъекция жасайтын жерді. (мақта шариктерді контейнерге саламын).
7. Сол қолдың ІV-V саусақ арасына спирттелген үшінші мақта шаригін саламын.
8. Оң қолға шприцті аламын: оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцттің поршенін, ІІІ, ІV, І саусақтармен цилиндрдің төменінен ұстаймын.
9. Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың І және ІІ саусақтармен үшкілдің негізі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинаймын.
10. Тері қыртысының негізіне инені 450С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 2/3 тереңдікке енгіземін, сұқ қол саусағымен иненің канюлясынан ұстаймын.
11. Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырмаймын), І және ІІ саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып алып, саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгіземін.
12. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қоямын.
13. Иненің канюлясынан ұстап отырып, инені жылдам қимылмен шығарамын.
14. Теріден мақта шаригін алмай, дәрі жіберілген жерді жеңіл уқалаймын.
15. Шприцтті, мақта шариктерін және қолқапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге саламын.
16. Қолыңызды жуып, құрғатамын.
17. Науқастың қал жағдайын сұраймын.
18. Науқастың медициналық картасына орындалған емшара туралы жазба қалдырамын.
Бұлшықетішілік инъекция жасау алгоритмі:
Іс- әрекеттер:
Дәріні әзірлеп, оның атын, мөлшерін, қай уақытқа дейін қолдануға болатын мерзімін ұқыпты оқы, тазалаңыз.
Асептика ережесімен шприцті жиыстыру әрекетін қолдана отырып, жиыстырыңыз.
Пациентті етбетінен немесе қырынан жатқызыңыз.
Дәріні қажет мөлшерде сорып алып, инені ауыстырып, ауасын шығарыңыз.
Мақта тампонын 70% спиртке сулаңыз.
Инъекция жасайтын жоғарғы сыртқы квадрантты бір бағытта, жоғарыдан төмен қарай спиртке батырылғын мақта тампонымен 2-3 рет сүртіңіз.
Әзірленген шприцті оң қолға алып поршенін екінші саусақпен, иненің канюлясын шынашақпен, қалған саусақтарымен цилиндрді ұстаңыз.
Сол қолмен инъекция жасайтын жердің терісін созып тартып тұрыңыз.
Шприцті денеге тіке 90' та ұстап, иненің 2/3 бөлігін ырғақпен енгізіңіз. Шприцті сол қолмен ұстап, оң қолдың 2-ші, 3- ші саусақтарымен цилиндрді ұстаңыз, ал бірінші саусақпен поршеньді итеріп ерітіндіні жіберіңіз.
Теріні спиртке батырылғын мақта шаригімен басып, тез инені шығарып алып, мақтамен инъекция жасалған жерді уқалаңыз.
Көктамырішілік инъекция жасау алгоритмі:
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Дәрілік затты қолдану нұсқаымен және дәрігердің тағайындауымен танысу.
2. Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
3. Пациентпен сенімді қарым –қатынас орнату
4.Пациентке процедураның мақсатын және өтуі туралы дәрілік ерітіндінің енгізілуі туралы ақпарат беру.
5. Процедураның өткізілуіне келісімін алу.
6. Керекті күтім заттарын жинау.
7. Дәрілік препаратты алып, дәрігердің тағайындауымен салыстыру.
8. Дәрілік заттың атын, концентрациясын, дозаын, енгізу жолын, сыртқы түрін, сақталу мерзімін дауыстап оқыңыз.
9. Бетперде, көзілдірік киіңіз, колды жууып антисептипен өңдеңіз.
10. Медициналық қолғапты киіңіз.
11.Шприцтің бүтіндігін, сақталу мерзімін тексеріңіз және құрастырыңыз. (стандартты қара)
12. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: (стандартты қара);
13. Науқасты отырғызыңыз немесе кушеткаға жатқызыңыз.
14. Наукастың шынтақ астына клеенкалы валикті (жастықшаны)
орналастырыңыз (шынтақ буынында қолды максимальды жазу үшін).
15. Резеңке бұрауды иықтың ортаңғы (үштің бір) бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімінің үстінен байлаңыз.
16. Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғарыға бағытталған болады, ал ілгегі төмен, қаржілік артериясында тамыр соғуы өзгермеуі керек.
17. Науқастың жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын сұрап, сосын оның қысуын (қанды көк тамырға қарай айдау үшін).
18. Науқастың білегін қол ұшынан, шынтақ бүгілісіне қарай багыттап уқалаңыз, колдың үшымен сәл ғана шапалакпен шынтақ шүңқыры аймағын ұрыңыз (көк тамырдың толуын күшейту үшін).
19.Көк тамырды зерттеңіз. Қолмен сипалап, ең көп толған көк тамырды табыңыз.
20.Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.
21.Шынтақтың бүгілген жерінің ішкі бетінің терісін спирттелген мақта шаригімен екі рет тазалаңыз (мақта шариктерін контейнерге тастаңыз), үшінші мақта шаригін сол қолдың IV жэне V саусақтар арасына салыңыз.
22. Оң колға шприцті алып: II саусақпен - иненің канюлясынан ұстап V саусақ - шприцтің поршенінде, III, IV, I - саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.
23.Шприцте ауаның жоқтығын тексеріңіз.
24.Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген жері аймағының терісін біраз қозғалтып, шетіне қарай тартыңыз, көк тамырды бекітуге және қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып, көк тамырға қатарластыра үстап, көк тамырды тесіңіз, сосын абайлап иненің үштен бір үзындығын көк тамырға енгізіңіз, «қуысқа» түскенін сезгенше.
25.Поршенді озіңізге қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.
26.Сол қолмен бұраудың бір бос шетін тартып шешіңіз, науқастан жұдырықты ашуын сұраңыз.
27.Ине көк тамырда екеніне қайтадан козіңізді жеткізіңіз.
28.Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, сол қолдың бірінші саусағымен поршенді басып, жаймен дәрілік ерітіндіні көк тамырға енгізіңіз. Шприцтің поршенін апармай.(шрицтің түбінде 0,5 қалу керек)
29.3алалсыздандырылған, тері антисептигіне батырылған үшінші мақта шаригін тесілген жерге басыңыз, инені шығарыңыз.
30.Тесілген жердің толықтай қаны тоқтағанша тері антисептигіне батырылған мақта шаригімен басып, науқастың шынтақ бүгілісінен қолын бүгуін сұраңыз.(жабысқақ жабыстырып қоюға болады.)
31. Шприцті инесімен, (қақпақшасын жаппай) мақта шариктерін ҚЖАК салыңыз.
32. Қолғапты шешіп ҚЖАК тастаңыз.
33.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
34.Пациенттің жағдайын бақылаңыз.
35. Процедураның өтілгені туралы тіркеу.
Ескерту: Егер арнайы веноздық манжетканы қолданған болсақ, веноздық қан тоқтағанша клапанды басып ұстап тұру қажет.
Тері ішілік, тері асты және бұлшықетішілік инъекцияларды қою көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Тері ішілік, тері асты және бұлшықет ішілік инъекцияларын анатомиялық орындары. Мүмкін постинъекциялық асқынулар.(атаулары) Пайдаланылған жабдықтарды өңдеу. Венепункция туралы түсінік. Көктамыр ішілік инъекция қою көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері.Венепункцияның анатомиялық йымдастыруорны және көктамырлардың түрлері. Пациентті венепункцияға дайындау. Венепункцияны жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау. Мүмкін постинъекциялық асқынулар.
Тері ішіне инъекция жасау:
Мақсаты:диагностикалық.
Қолдану көрсетілімдері:туберкулезге (Манту. Пирке байқауы), бруцеллезге зерттеу үшін, антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау үшін, сыртқы жансыздандыруды жүргізу үшін, аллергиялық байқауларды жүргізу үшін.
Қарсы көрсетілімдері: инъекция жасайтын жердің тері асты-май клеткаларының ісінуі, инъекция жасайтын жердегі тері аурулары.
Асқынулар: инфильтрат.
Енгізілетін жері: білектің ішкі беті, ортаңғы бөлігі.
Дайындаңыз: тзалалсыздандырылған: сыйымдылығы 1 мл шприцті, ұзындығы 15 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндісін, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Тері астына инъекция жасау:
Мақсаты: емдік – тері асты майлы тіндерге дәрілік ерітіндіні енгізу, жергілікті жансыздандыру.
Қолдану көрсетілімдері:дәрігердің тағайындауы.
Қарсы көрсетілімдері:дәрігерлерге аллергиялық реакцияның болуы, инъекция жасайтын жерде кез келген терінің және тері асты майлы тіндердің зақымдануы.
Асқынулар: жергілікті қабыну процесі (инфильтрат), дәріні қателесіп енгізу, вирустік гепатит, АҚТҚ, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок, сепсис.
Енгізілетін жерлері: иықтың жоғары бөлігі сыртқы беті, санның ортанғы бөлігі алдыңғы беті, іш перделік беттің алды, жауырын асты.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1-2 мл шприцті, ұзындығы 20 мл инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Бұлшықетішілік инъекция жасау:
Мақсаты: дәрілік затты бұлшық етке егу. Дәрілік заттың емдік әсері 20-30 минут аралығында пайда болады. Бір рет егілетін ерітіндінің мөлшері 10 мл - ден аспауы керек.
Қарсы көрсетпелері: бұлшық еттің атрофиясы, ине егу орнындағы тері мен теріасты майлы клечатка жарақатының кез келген түрінде, дәрілік затқа аллергиялық реакциясы болғанда.
Қажетті заттар: 5мл немесе 10мл шприцтер, дәрі дәрмек заттар, залалсыздандырылған мақта шариктері.
Асқынулары: иненің сынуы, жүйке сабауының жарақаттануы, абсцесс, аллергиялық реакция, вирусты гепатит, дәрілік эмболия.
Көктамырішілік инъекция жасау:
Мақсаты: емдік-дәрілік ерітіндіні қанға ағым екпінімен енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.
Қарсы көрсетілімдері: дэрілік затқа аллергиялық реакцня, болжаған инъекция жасайтын жердің терісінің және тері шелмайының закымдануы, тесетін көк тамырдың қабынуы (флебит).
Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік, аяқтың сыртқы беткейлік, бастың (балаларға) беткейлік веналары.
Асқынулар: гематома (қан ісік), некроз (өлі еттену), флебит (көк тамырдың қабынуы), тромбофлебит (кок тамырдың тромбозы жэне қабынуы), дэрлік затты қате енгізу, дэрілік жэне ауалы эмболия (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), АҚТҚ, гепатит (бауырдың қабынуы), аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын 10-20 мл шприцті (иненің ұзындығы 4 мм), лотокті, салфеткаларды, мақта шариктерін, 70% этил спиртін, ампуладағы дэрілік ерітіндіні, резеңке қолғапты, клеенкалы валикті, резеңке бұрауды, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, шокқа қарсы арналған жиынтықты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Венепункция (лат. vena-вена, punctio-шаншу, тесу) - көктамырды тесу жолымен көктамырға инені тері арқылы енгізу, қан алу немесе дәрілік препараттарды, инфузиялық және плазма алмастыратын ерітінділерді, қан препараттарын және т. б. құю үшін. Венаның пункциясына қарсы көрсетілімдер:
венопункция үшін болжанатын аймақтағы тері және тері асты
клетчаткасының қабынуы;
тромбофлебит;
гематома.
Көктамырішілік инъекцияға көрсеткіштер:
тез әсерге жету үшін дәрілік заттарды енгізу (бұл әсіресе шұғыл
жағдайларда маңызды);
көктамыр ішіне енгізу кезінде неғұрлым тиімді дәрілік заттарды
қолдану;
тек көктамыр ішіне енгізілетін дәрілік заттарды пайдалану (мысалы,
кальций хлоридінің 10% ерітіндісі).
Вакуумдық жүйесімен қан алу.
Вакуумды жүйесімен қан алу қамтамасыз етеді:
* қан алу процедурасы кезінде медицина қызметкерлерінің максималды қауіпсіздігі — вакутайнердің құрылымы пациенттің қанының қоршаған ортамен байланысын толығымен болдырмайды;
* қан алу жылдамдығы (5-10 секунд);
* қан екі немесе одан да көп пробиркаға өте қысқа уақыт ішінде және инен көктамырға қайта енгізбестен алу мүмкіндігі;
* қан арақатынасын барынша дәл сақтау-антикоагулянт;
* үлгілерді таңбалау және тасымалдау қарапайымдылығы мен сенімділігі;
* Центрифугалау кезінде қақпақты ашпай пробирканы пайдалану мүмкіндігі;
Вакутайнер -тамырдан қан алу үшін толық жабық вакуумдық жүйе.
Вакутайнер әдеттегі шприцке ұқсас, бірақ поршеньдің орнына пробиркада вакуум жасалуының арқасында пайда болатын қысымның ауытқуы қолданылады. Жүйе айналыста барынша ыңғайлы және медициналық қызметкерлерді қанмен (инфекциямен) жұмыс істеу кезінде жұқтырудан қорғауды қамтамасыз етеді.
Вакутайнер жүйесі үш компоненттен тұрады:
* арнайы екі жақты инелер;
* инені автоматты түрде түсіретін ине ұстағыш;
* қақпағы бар вакуумдық түтікше
Стандарт№53
Венепункция және тамшылау барысында туындайтын асқынулар
Ауалы эмболия – к/т және к/т/там. Кезінде туындайтын қорқынышты асқыну .
Тромбофлебит – тамырдың тромб пайда болуымен қабыну.
Некроз – тіннің өлуі.
Гематома – тері астына қан кету, қан жиалған қуыс пайда болады.
Сепсис – инфекцияның жалпы формасы
Достарыңызбен бөлісу: |