Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет902/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   898   899   900   901   902   903   904   905   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

9.2.3. МИТРАЛЬДЫ ТАРЫЛУ
Сол жақ атриовентрикулярлық тесіктің тарылуы, әдетте ревматизм тектес болады.
Ауру ұзақтығы 2 жылға созылады. Ер балаларға қарағанда, қыз балаларда жиі кездеседі.
Гемодинамикалық тұрғыдан қарағанда, жайсыздау болып келеді, өйткені барлық
салмақ көп уақыт бойы сол жүрекшеге түседі. Атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы
(“бірінші кедергі”) қанның сол жүрекшеге құйылуына қарсылық білдіріп, сол жүрекшеде
қысымды жоғарылатып, оның миокардының гипертрофиялануына әкеліп соқтырады. Бұн-
дай компенсациялау механизмі қанның тарылған тесіктен өтуін жеңілдетеді. Сол жүрекше
қысымының үдей түсуі өкпе веналары мен капиллярларда қысымның ретроградты
артуына (веноздық, посткапиллярлы өкпе гипертензиясы) әкеліп соқтырады. Китаев реф-
лексі (сол жүрекшеде қысымның артуы фугкциональды “екінші кедергі” жауап ретінде
өкпе артерияларының тарылуы) басында қорғасын ретінде (өкпе капиллярларында қысым-
ның шектен тыс артуынан сақтайды) байқалып, келешек өкпе артериясында қысымның
күрт жоғарлауына әкеліп соқтырады да, артериялық прекапиллярлық өкпе гипертензиясы
дамиды. Бұның нәтижесінде өкпе тамырларында морфологиялық өзгерістер, олардың
склерозы (органикалық “екінші кедергі”), тұрақты өкпе гипертензиясы және оң бөлігінің
дилатациясы, оң қарынша шамасыздығы (бауыр өсуі, аяғы іседі, іш шемені) пайда болады.
А.Н. Бакулев, Е.А. Дамир (1955) өкпелік және жүйкелік айналымның (циркуляция-
сының) бұзылыстарының жіктелісі бойынша митральды тарылуды 5 сатыға бөледі. 
І сатысы – ентікпе байқалмайды, науқас толық компенсацияланған.
ІІ сатысы – қан айналымының бұзылуы денеге салмақ түскенде ғана байқалады. 
ІІІ сатысы – кішкене қан тоқырауының бастапқы белгілері ғана байқалады. 
ІV сатысы – үлкен қан айналым шеңберінде тоқырау, “миокардтық тозу” белгілері
айқын білінеді. 
V сатысы – дистрофилиялық саты, қан айналымы бұзылыстарының Н.Д. Стражеско,
В.Х. Василенко жіктелісінің 3 дәрежесіне сәйкес келеді.
Ұзақ уақыт бойы митральды тарылуда науқас балалардың шағымы болмайды.
Тарылудың ерте белгісі ентікпе, өкпе гипертензиясы дамығанда цианоз үдейді. Бұл ақауға
тән “митральды көбелек” балаларда сирек және әдетте 3-5 сатылы тарылуда байқалады.
Бұған дейін беттің цианозды қызыл шырайлығы (“митральды қызыл шырай”), акроцианоз,
құлақ қалқанының цианозы көңіл аударады. Науқастардың дене дамуы, қалыс қалады.
Одан әрі жүректің соғуына, жүрек аумағының ауыруына шағымданады. Қан түкіру және
өкпеден қан кету балаларда сирек кездеседі. Ақаудың ІV сатысында науқастарда сәл ғана
зорланғанда ентікпе, жүрек аймағының ауыруы, жүрек соғуы, жөтел, қан түкіру, дене және
жыныс дамуы қалып қалады. 5 (терминальды) сатысы балаларға өте сирек кездеседі.
Ақаудың І-ші сатысында жүрек шекарасы көбіне жоғары қарай үлкейеді (сол
жүрекшенің үлкеюі), жүрек ұшы тұсында және бесінші нүктеде І тонның орташа акценті,
қан ағысының тарылған тесіктен өтуіне пайда болатын, сол жақ қырынан жатып ауаны
шығару сатысында тынысын тоқтатқанда жақсы естілетін, денеге салмақ түскенде арта
түсетін диастолалық шу естіледі. Сол жақ 2-ші қабырға аралықта ІІ тонның акценті
анықталады. ЭКГ-да сол жүрекшенің миокардының гипертрофиясының бастапқы
белгілері болады. Рентгенограммада ұзақ уақыт жүрек мөлшері қалыпты болып қалады,
веноздық тоқырау байқалады. 
ІІ-ші сатысында шағымдар көбейеді, демікпе ұстамасы (“митралльды демікпе”)
байқалуы мүмкін. Бұл демікпенің дағдылы жүрек демікпесінен айырмашылығы, сол
қарынша емес, сол жүрекшенің әлсіздігінен пайда болады, окпе шеменің “митральды
демікпенің” табиғи жалғасы болып келеді және әр ұстама баланың өміріне қауіп туғызуы
мүмкін. Жүрек мөлшері ұзақ уақыт бойы қалыпты болады немесе сәл ғана үлкейеді,
сондықтан, жүрек томпағы кеш пайда болады. Жүрек ұшының түрткісі әлсірейді, жүректің
оң бөлігіне шектен тыс салмақ түскеде жүрек түрткісі артады. Өзіне тән аускультациялық
555


көрсеткіштер бар: қатты 1 шапалақ тәрізді І тон, ІІ тоннан кейін пайда болатын және
мүшелі сөз шығаратын (“бөдене ырғағы”) ашық қос жармалы қақпақтың ашылу тоны,
өкпе артериясында 2 тон күшейеді.
ЭКГ-да сол жүрекшенің миокардының гипертрофиясының белгісі байқалады.
Рентгенограммада – веноздық және артериялық өкпе гипертензиясының белгілері болады,
сол жүрекше үлкейеді.
Ақаудың ІІІ-ші сатысында жүрек шекаралары жоғарыға және оңға қарай кеңейеді.
Жүрек ұшының аймағында диастолалық діріл – “мысық пырылы” (тарылған тесік арқылы
өткен қан дірілі) анықталады. Аускультация жасағанда жүрек ұшында І тон өкпе артерия-
сында ІІ тон күшейеді, қос жармалы қақпақтың ашылу тоны және тұтас диастолалық шу
естіледі. ЭКГ-да сол жүрекше және оң қарынша миокардының гипертрофиясының
белгілері байқалады. Рентгенограммада веноздық және артериялық тоқырау белгілері
айқын білінеді, сол жүрекшенің және оң бөліктерінің үлкейгені байқалады.
Ақаудың ІV-ші сатысында аускультациялық өзіне тән митральды тарылудың күйі
(сазы) сақталады. Бірақ өкпе гипертензиясы үлкен болғанда және жүректен қан айналу
төмендегенде, тарылудың айқындылығына қарамастан, диастолалық шудың ұзақтығы
кішірейеді. ЭКГ- да екі жүрекшенің және оң қарыншаның дистрофиясының және
гипертрофиясының белгілері анықталады. Эхокардиографияда қос жармалы қақпақтың
алдыңғы жабылу жалдамдығының төмендеу, алдыңғы жарманың амплитудасының
кішіреюі, оң қарынша және сол жүрекшенің диаметрінің үлкеюі митральды жармалардың
қалыңдап, өзгеруімен қосарланып байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   898   899   900   901   902   903   904   905   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет