Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


АОРТА ҚАҚПАҒЫНЫҢ ЖАРАМСЫЗДЫҒЫ



Pdf көрінісі
бет903/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   899   900   901   902   903   904   905   906   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

9.2.4. АОРТА ҚАҚПАҒЫНЫҢ ЖАРАМСЫЗДЫҒЫ
Аорта қақпағының жарамсыздығы
ер балаларда жиі байқалады және тек
қана ревматизм тектес болмайды.
Гемодинамикасы:
аорта қақпақтары толық жабылмағандықтан диастола кезінде қан
аорта арқылы сол қарыншаға қайта құйылады. Осының салдарынан сол қарынша
қабырғасы гипертрофияланып, дилатацияланып, сол жүрекше әлсіздігінің белгілері, кіші
қан айналым шеңберінде қан тоқырау пайда болады. Содан кейін, оң қарынша
декомпенсациясы қосылады. Аорта қақпақтарының жарамсыздығы жедел дамығанда сол
қарынша гипертрофияланып үлгермейді де, оның қуысы дилатацияланып, қос жарма
қақпақтарының салыстырмалы жарамсыздығы пайда болуына әсерін тигізеді. Осының
әсерінен сол қарынша әлсіздігі дамиды. Созылмалы аорталық жарамсыздығында жүрек
шамасыздығы кеш қалыптасады: жүрек шамасыздығының қалыптасуына миокардтың
ревматикалық зақымдалуымен қатар, гипертрофиялық миокардпен жүректің тамыр
торларының сәйкес келуіне байланысты пайда болатын коронарлық жарамсыздықтың
және диастола кезінде қан аортадан сол қарыншаға ағып кететін болғандықтан, жүрек
тамыр торына қан жеткілікті бармауының әсері тиеді. Аорталық жарамсыздықтың
гемодинамикалық ерекшеліктерінің қалыптасуында жалпы шеткі қарсылық артуы
керісінше әсер етеді. Бұл ақауда шеткі тамырларды кеңейтетін дәрілерді
(вазодилататорларды) қолдану осыған негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   899   900   901   902   903   904   905   906   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет