Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет904/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   900   901   902   903   904   905   906   907   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Клиникалық белгілері
аорта қақпақтарының зақымдалу дәрежелерімен анықталады.
Шамалы зақымдалуларда шағымдары болмайды. Бұл жағдайда төстің сол жақ қыры
бойында қабырға аралықта жақсы естілетін 2-ші тонмен байланысты протодиастолалық
шу жалғыз ғана белгісі болып келеді. Содан кейін (2-3 сатысында) ентікпе, жүрек соғуы,
жүректің шалыс соғуы, жүрек тұсының ауыруы (қан жетіспеушілігінің әсері), басы
айналуы пайда болады. Баланың дене дамуы (көбіне салмағы) қалыс қалады. Каротидтер
(ұйқы артерияларының биі) және тез пульс, пульстік қысымның артуы (систолалық қысым
артып, диастолалық қысым сынап бағасымен 20-40 мм-ге дейін одан да төмен азаяды),
капиллярлық пульс (тырнақ шетін сәл басқанда қызыл және ақ толқын тәрізді
артериялардың патологиялық соғысы) сияқты өзіне тән шеткі белгілер пайда болады.
556


Мюсси белгісі (басының тербелуі), қарашықтың кеңеюі және тарылуы (Ландольфия
белгісі) балаларда сирек кездеседі. Жүрек ұшының серпінінің жайылып, биіктегені, жүрек
шекарасының негізінен солға, кеңейгені анықталады. Аускультация жасағанда, екінші
қабырға аралықтағы протодиастолалық шумен қатар, оң жақта (кейде қатқыл болып
келеді) қолқаның салыстырмалы тарылуының систолалық шуы, жүрек ұшында митральды
қақпақтық салыстырмалы (сол қарыншаның дилатациясы) систолалық шуы, Флинттің
ирисистолалық шуы (митральдық салыстырмалы тарылу) анықталады. Бұның бәрі құрама
немесе қосақ ақаулар бар деген жалған болжам жасауға әсерін тигізуі мүмкін. Үлкен
тамырлар деңгейінде пистолеттің атылуы тәрізді. Траубенің қос тоны (артерияның
қабырғасының систола және диатола кезендегі тербелісіне байланысты), артерияны
фонендоскоппен басып, кішкене қысқанда әдеттегі систолық шу орнына, Дюрозье қос
шуы (систолық және диастолық), қолқа деңгейінде 2 тонның әлсірегені анықталады.
Қолқа жарамсыздығында жүрек шамасыздығы, жиі қайталамаларда және қақпақтар
айқын деформацияланғанда, көбіне сол қарынша әлсіздігі түрінде пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   900   901   902   903   904   905   906   907   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет