клетканың пролиферациясының (клетканың көбеюінің) және гранулемалардың нәтижесі
болады (екінші реттегі склероз). Сиректеу жағдайда склероз дәнекер тінінің
фибриноидтық өзгерістерінің нәтижесі ретінде (гиалиноз, алғашқы немесе бірінші
склероз) пайда болады.
Алғашқы екі патоморфологиялық сатысы активті ревматикалық процесске сәйкес ке-
леді де, морфологияда, балаларға тән болып келетін бейарнамалық экссудациялық өзгеріс-
пен анықталады. Ревматизмнің клиникалық белгілірінің ауырлығы (миокардит, полисеро-
зиттер, хорея) бейарнамалық экссудациялық өзгерістердің даму дәрежесіне байланысты.
Дәрігерлер үшін мукоидты ісіну сатысында патологиялық процесстің қайтымды
екендігі өте маңызды болып келеді. Ол науқасты ерте аңықтап, емін ерте бастаған кезде
болашағының жайлы болып, толық сауығып кетуі мүмкін екендігін дәлелдейді.
Пролиферациялық өзгерістер Ашофф-Талалаев гранулемасымен шектелмейді. Қанша
дегенмен, пролиферациялық реакцияның барлық үш түрі де ревматизм жедел дамығанда
және III дәрежелі активтілігінде байқалады. Керісінше, I дәрежелі активтілікте
ревматизмге тән гранулемалар аз мөлшерде байқалады да, активтілігі төмендеу пролифе-
ративті: реакциялар басым болып келеді. Ревматизмде спецификалық гранулематозды
реакциямен қатар, бейарнамалық қабынудың да үлкен маңызы бар. Оған, әсіресе балалық
шақта, ревматизмнің даму ауырлығы тәуелді болады. Ол организмнің аллергиялық
жағдайын көрсетіп, ревматизмнің жедел ұстамасының клиникалық көрінісін анықтайды.
Егер бейарнамалық қабыну байқалмай тек пролиферативті реакция болатын болса, ревма-
тизмнің ұстамасы болмайды да, аурудың дамуы жасырын (бүркеме) түрде байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: