заттармен улану, спортпен белсенді шұғылдану нәтижесінде
кезбе нервтің тонусының
артуына байланысты пайда болады. ЭКГ – Р-тісше және атриовентрикулярлық өткізгіштік
қалыпты; нәрестелерде жүрек соғу жиілігі минутына 100-ден аз,
ерте жастағы балаларда
80-нен, ересек балаларда 65-тен аз болады.
Емі:
әдетте қажет етпейді. Қажет болған жағдайда атропин 0,01 мг\кг
венаға
жібереді.
Синустық түйіннің әлсіздігі синдромы
– аурудың көңіл-күйі мен жалпы жағдайының
ауырлауымен жүретін синус түйінінің айқын дисфункциясы. ЭКГ-де жиі үзіліспен жәй
ырғақ (жүрекшелік немесе атриовентрикулярлық құрылымнан) жазылады. Қарыншаүсті-
лік тахикардия пароксизмі (тахикардия-брадикардиялар синдромы),
жыбыр аритмиясы,
жүрекше қалтырауы болуы мүмкін.
Емі:
Белгілері айқын болғанда электоркардиостимулятор қояды.
Достарыңызбен бөлісу: