Емі . Инотропты препараттар, диуретиктер, негізгі ауруды емдеу.
Сол қарынша лақтырысына кедергімен жүретін гипертрофиялық кардиомиопатия. «Идиопатиялық гипертрофиялық субаортальды тарылу», «өсіндінің
асимметриялық гипертрофиясы» деген атаулары да бар. Көп жағдайларда аутосомды-
рецессивті жолмен тұқым қуалайды. 90% ауруларда сол қарынша лақтырысына кедергі
қарыншааралық перденің субаортальді бөлігінің аномальді гипертрофиясы нәтижесінде
екіншілік болып келеді. Бұл ауруларда қарыншалық аритмия және кенеттен өлім
байқалады.
Емі. β-блокаторлар, кальций каналдарының блокаторлары. Кейде обструкция
шақырып тұрған қарыншааралық өсіндіге оталау жолымен миоэктомия жасайды.
Кейбір авторлар рестриктивті кардиомиопатияны бөліп көрсетеді, ол қарыншалар
қабырғасының керілуінің төмедеуі мен диастолалық қызметінің бұзылысымен
(гиподиастола) сипатталады. Ол эндомиокардиальді фиброзда, эозинофильді Леффлер
эндокардитінде, жүрек амилоидозы және басқа да ауруларда кездеседі.
Болжамы кардиомиопатияда қолайсыз. Ауру жиі өліммен аяқталады.