9.6. ЖҮРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ
Жүрек жетіспеушілігі
–
тіндердің метаболикалық қажеттілігіне жеткілікті
жүректік лақтырысты жүректің қамтамасыз ете алмауы
. Жүрек жетіспеушілігінің
асқынуы қан айналысының жетіспеушілігі, ол да өз кезегінде жүрек жетіспеушілігін
қиындатады.
Этиологиясы.
Жүректің туа пайда боған ақаулары: солдан оңға қан лақтырысының
артуымен жүретін немесе сол не оң қарынша алып кетуші қан тамырларының
обструкциясы.
Жүре пайда болған жүрек ақаулары: кардиттер, кардиомиопатиялар, ревматизм
кезіндегі жедел немесе созылмалы жүрек зақымдалуы.
Ырғақтың немесе өткізгіштіктің бұзылысы: пароксизмальды тахикардия, жыбыр
аритмиясы, толық антривентрикулярлы блокада және т.б.
Ятрогенді факторлар: хирургиялық көмек кезінде жүрек зақымдалуы,
медикаментозды емдеу.
Жүректен тыс себептер: тиреотоксикоз, артериовенозды фистула, жедел және
созылмалы өкпе аурулары, гликогеноз, дәнекер тінінің жүйелі аурулары, жүйке-бұлшықет
аурулары, гипоксия, артериальды гипертензия және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |