Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ ОДАН КЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА



Pdf көрінісі
бет951/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   947   948   949   950   951   952   953   954   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

2 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ ОДАН КЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА
АРНАЛҒАН ГЛИКОЗИДТЕР ДОЗАСЫ 
(мг/кг)
Гликозид
Қанықтыру дозасы
Қанықтыру дозасының сақтау
(сүйемелдеу) дозасы ретінде бөлігі
2 жасқа дейін
2 жастан кейін
2 жасқа дейін
2 жастан кейін
Дигоксин 
Дигитоксин
Изоланид
Строфантин
Корглюкон
0,075
0,035
0,075
0,01
0,013
0,05-0,075
0,02-0,03
0,06-0,10
0,007
0,01
1/3-1/4
1/8-1/10
1/3-1/4
1/4-1/5
1/10
1/4-1/5
Бір реттік доза
Бір реттік доза
Организмді қанықтыруға қажетті тиімді дозаны әртүрлі жылдамдықпен беруге
болады:
Жылдам қанықтыру тәсілінде 1-2 тәулікте беріледі.
Орташа жылдам тәсілінде 3 тәулікте беріледі.
Жай қанықтыру тәсілі де 5-7 тәулікте беріледі.
Гликозидтердің тиімділігі көңіл-күйінің жақсару, жүрек соғуының сиреуі, бауыр
мөлшерінің кішіреюі, тәулдік зәрдің көбеюі сияқты клиникалық белгілермен анықталады.
Гликозидтермен емделген бала организмінің жеке сезімталдығы болуы мүмкін екенін
естен шығармау керек. Осыған орай, тиімді дозаны таңдау кезенде сақтықпен клиникалық
және электрокардиографиялық бақылау жүргізіп отыру қажет. Егер клиникалық тиімділі-
гінің және улану белгілері байқалмаса, дозаны өсіруге болады. Гликозидпен улану шарша-
ғыштық, тәбетінің төмендеуі, жүрек соғуының ырғағының бұзылу, жүрек шамасыздығы-
ның белгілерінің үдеуі сияқты клиникалық көрсеткіштермен анықталады. ЭКГ-да
атриовентрикулярлық өткізгіштіктің ұзаруы. Т-тісшесінің төмендеуі, Т-тісшесінің және
бөлігінің изоэлектрикалық сызыққа қатынасы бойынша қалпының өзгеруі, экстрасистолия
байқалады. Бұндай жағдайда дәрінің мөлшерін азайту немесе тіптен беруді тоқтату керек.
Сонымен қатар, 10%-тік калий хлориді немесе калий ацетаты ертінділерін тәулігіне 1-2 ас
587


қасықтан беру керек. Ырғағының бұзылыстары байқалса, новокаинамид (тәулігіне ішуге
0,03-0,05 г/кг немесе бір ретте 0,2мл/кг 10%-тік ертіндісін етке жібереді), β – адренобло-
каторлар (анаприллин, индерал, обзидан, кордарон) 1-2мг/кг есебінен қолданылады.
Ауыр жағдайларда венаға натрий цитратының 2%-тік, унитиолдың 5%-тік ертіндісін
(0,1мл/кг) жіберу қажет. Жүрек шамасыздығының пайда болу механизміне байланысты
гликозидті тағайындаудың кейбір ерекшеліктері бар.
Энергетикалық-динамикалық шамасыздықта, әдетте дәріні венаға жіберу арқылы
жылдам қанықтыру әдісі қолданылады. Ең жоғарғы дозаны қолданған дұрыс. Мысалы,
дигоксиннің 2 жасқа дейінгі қанықтыру дозасы 0,075-0,01мг/кг, ал сақтау (сүйемелдеу)
дозасы қанықтыру дозасының 1/4 бөлігіне тең болады.
Гемодинамикалық шамасыздықта гликозидтерді орташа жылдам немесе жәй
тәсілдермен ішкізіп қолданған жөн. Әдетте, ең төменгі дозаларды береді. Мысалы, 2
жастан кейінгі балаларда дигоксиннің қанықтыру дозасы 0,05мг/кг, сүйемелдеу (сақтау)
дозасы қанықтыру дозасының 1/5 бөлігіне тең. Сақтау дозасымен емдеу ұзақ уақыт, көбіне
ұдайы қолданылады. Гликозидтердің ішінде клиникалық практикада дигоксин жиі
қолданылады.
2А-дәрежелі қан айналым шамасыздығында жақсы жеделдеген бөлмеде төсектік
режим тағайындалады. Балаға тұз, сұйықтық тәуліктік мөлшердің 2/3 бөлігіне дейін
шектеледі, кейбір жағдайларда жеміс-жидек, қант немесе қант-сүзбе диеталары
қолданылады. Дәрілерден негізінен жүрек гликозидтері, витаминдер, кокарбоксилаза,
калий оротаты, панангин, АТФ, поляризациялық қоспа қолданылады.
2Б-дәрежелі шамасыздықта қатал төсектік режимде, басын жоғары көтеріп
жатқызып, оттегімен демалдырады. Тұз бен суды шектеумен қатар, аптасына 1-2 рет
жеңілдендіру диетасы қолданып, бөліп-бөліп жиі тамақтандырылуы керек. 2А-дәрежелі
шамасыздықта берілген дәрілерге зәр жүргізетін препараттар қосылады. Ісіктер орташа
күйде болса альдактон немесе верошпирон (тәулігіне 5-10мг/кг) жеткілікті болады. Өте
айқын ісіктерде гипотиазид, лазикс (1-2мг/кг) және басқа дәрілер қолданылады. Көбіне
альдактон немесе верошпиронды лазикспен, болмаса гипотиазидпен қатар қолданады.
3 дәрежелі шамасыздықта 2А дәрежесіндегі емге қосымша дистрофиялық
өзгерістерге сай емдер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   947   948   949   950   951   952   953   954   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет