9.7. ВЕГЕТО-ҚАНТАМЫРЛЫҚ ДИСТОНИЯЛАР
Вегето-қантамырлық дистониялар (ВКД)
–
жүрек, қантамырлар, басқа ішкі ағза-
лар, ішкі секреция бездерінің орталық және шеткі нерв жуйесінің құрылымы мен жұмы-
сының біріншілік немесе екінішілік өзгерістеріне байланысты шығатын вегетативтік
реттелулерінің бұзылыстарымен сипатталатын функциялық патологиялық хал-
жағдайлар.
Балаларда, әсіресе мектеп жасындағыларда, жиі кездеседі, таралу жиілігі шамамен
20%-ға тең. ВҚД-ны «вегетативті дисфункция», «вегетативті невроз», «вегетативті дисре-
гуляция», «нейроциркуляторлық дистония», «гиперкинетикалық синдром», «дисвегетоз»
деген басқаша көптеген терминдермен атай береді. Алайда, оны «нейроциркуляторлы
дистония» (НЦД) деп кардиологтардың атауы – ВҚД-ның жүрек-қантамырлық жекеленген
вариантына теңеу. Клиникада оның гипертензиялық және гипотензиялық түрлерге бөледі.
Сондықтан да, ВКД деген термин НЦД-ға қарағанда, әлдеқайда кен мағына беріп, жүрек,
қантамырлардан басқа да ағзалардың дерті барын қоса түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |