Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет955/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   951   952   953   954   955   956   957   958   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Патогенезі.
Конституциялық-эндокриндік теория бойынша, Аг бүйрекүсті бездердің
кызметі жетіспеушілігінен туатын қантамырлары тонусының төмендеуімен байланысты.
Мектеп жасындағы Аг дамыған балаларда бүйрекүсті бездері түзетін глюкокортикоидтар
мен минералокортикоидтардың қанда аз мөлшерде табылатыны ауру патогенезіндегі осы
теорияның орынды екенін көрсетеді.
Вегетативті теория Аг пайда болуын холинергиялық жүйенін белсенділігінің артуы
және адренергиялық жүйенің әлсіреуімен дәлелдейді. Қанда ацетилхолин көбірек, ал
катехоламиндердің аз болатыны Аг бар балаларда дәлелденген.
Нейрогендік теория (кеңес ғалымдары шығарған) Аг дамуын ми ішіндегі қозу мен
тежеу процестері тепе-тендігінің бұзылуымен, соған байланысты ми қабаты астындағы
қан қысымын, жүрек жұмысын реттейтін орталықтардың неврозы деп санайды және
осыны дәлелдейтін деректер бар.
Гуморальдық теорияны қолдайтындар Аг пайда болуын қанда кининдер мен А, Е
простагландиндерінің мөлшері жоғары болатынын, ал осылардың шамадан артық мөлшері
қан қысымы деңгейін төмендететінін дәлел етеді.
Осы кезде біріншілік Аг-ны қантамырларының тарылып-кеңеюін реттейтін
орталықтың неврозы, ол шеткі депрессорлық қызметпен бүйрекүсті бездері қызметінің
қосымша өзгерістерімен бірге ұштасады деп саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   951   952   953   954   955   956   957   958   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет