Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет953/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   949   950   951   952   953   954   955   956   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

9.7.1. АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПОТЕНЗИЯ
Артериялық қан қысымының қалыптан төмендеуін
соңғы кезде
гипотония
демей
(артериялық қан тамырының тонусы төмендеуімен емес)
,
гипотензия
(қанның сұйық бөлігінің артерия қабырғасына түсіретін қысымы)
деп
588


дәлірек аталатын болды. Артериялық гипотензияның (Аг) Қазақстанда мектеп жасындағы
балалар арасында тарау жиілігі 1979 ж. – 3,3% (В.В. Қожанов), 2001 ж. – 9,7% (Қ.Б.
Абдрахманов). Статистика бойынша, Аг жиілігі кейінгі жылдарда жиілей түсуде. Ересек
адамдар арасындағы гипотензиялар мен олардың асқынулары бала кезінен басталатын Аг
салдары екені анық белгілі болып отыр. Нейроциркуляторлық дистония, вегетативтік
тамырлық дистонияның гипотониялық түрі деген анықтамалар артериальдық
гипотензияның алғашқы сатылары болып есептеледі; кейбір зерттеушілердің
көзқарасынша бұл түсініктер жалпы бір мағынаны білдіреді.
Н.С. Молчанов жіктеуі бойынша (1966)
Аг 1) физиологиялық; 2) патологиялық деп
екіге бөлінеді.
Физиологиялық Аг-ның: 
а) жеке-дара өз басына сай түрі (қалпы); б) жоғары дәрежеде
дамыған бұлшыкеттер гипотониясы (спортсмендерге тән); в) адаптациялық (бейімделу)
варианты деп үш түрін ажыратады.
Патологиялық Аг:
а) нейроциркуляторлық (біріншілік) гипотония – тұрақсыз, анық
тұрақты (гипотония ауруы), ортостатикалық синдроммен ұштасатын; б) симптоматика-лық
(екіншілік) гипотония – жедел ағымды, созылмалы, орнықты ортостатикалық синдроммен
жүретін түрлерге бөледі. Симптоматикалық Аг эндокриндік (Адисон ауруы), бүйрек
ауруына, іштен біткен жүрек акауларының кейбіреулеріне тән болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   949   950   951   952   953   954   955   956   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет