Ағымы мен болжамы. Балаларда ағымы негізінен созылмалы. Ошақты түрлері
жүйелі түрлеріне сирек айналады және көбіне жайылуға бейімділігі байқалмайды. Активті
процесс бірнеше айдан кейін тоқтап, жағымды эволюция алуы мүмкін немесе бірнеше
жылдар бойына баяу дамиды. Жүйелік зақымдалу болмаса болжамы өмірлік тұрғыдан
жағымды болып келеді.
9.8.3. ЖҮЙЕЛІ ҚЫЗЫЛ ЖЕГІ Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) – нәтижесінде көптеген жүйелер мен мүшелер зақымдалатын өз жасушаларына және олардың компоненттеріне антидене мен иммундықкешендік қабынудың пайда болуына әкелетін генетикалық иммунореттеуші процесстердің бұзылуы жататындықтан дамитын ауру. Балаларда әдетте, жедел және ауыр дамиды, ересектерге қарағанда сиректеу
кездеседі, 5 жасқа дейінгі балаларда өте сирек байқалады. 12 жастан кейін
ауыршаңдықтың ең жоғары көрсеткіші байқалады (қызбалалар 8-10 есе жиі ауырады),
бұның себебі эстерогендердің әсері болуы мүмкін. Пубертатты кезеңде ербалалар мен
қызбалалар қатынасы 1:3 болады.