Жіктелісі.
Шартты түрде келесі түрлерге
бөледі: терілік және жүйелік (бүйректік-
висцеральды, бүйректік-полиневритикалық, тромбоангаиттік).
Жедел, жеделдеу және (сиректеу ) созылмалы ағымдарын ажыратады.
Клиникалық көрінісі.
Көбіне ер балалар ауырады. Көп жағдайда жедел басталады,
80%-да дұрыс емес типті тұрақты қызбамен жүреді.
Терілік формасында полиморфттық терінің бөртпелер түрінде (жиі геморрагиялық,
тыртықтар, некроздар, атрофиялар) жарақаттану тән болады.
Жүйелік түрінде терілік бөртпелермен қатар буындарда, ішінде ауырсыну байқалады,
кейін ішкі мүшелер жарақаттануы (тұрақты гипертензиялы нефрит, миокардиттер, ІҚЖ
және аталық бездердің ишемиялық зақымдалуы), миалгиялар және шеткі нервтер невриті
қосылады. Ерте байқалатын белгілердің бірі – көз тамырларының зақымдалуы (көз түбін
қарау міндетті) болуы мүмкін. Сиректеу өкпе және талақ тамырлары зақымдалады. Дерт
әрқашанда қабыну процессінің жоғары лабораториялық активтілік көрсеткіштерімен
дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |