Ажырату диагнозы.
Өңештің пептикалық жарасы
әдетте Баррет ауруында
байқалады. Қарқынды төс артының ауруы, дисфагия тән, кейде қан аралас құсу немесе
анемияға әкелетін жасырын қан кету байқалады. Олар эндоскопия арқылы анықталады.
Өңештің тарылуы
–
тамақ ішкеннен кейін бірден қатты құсу және регургитация,
дене салмағының төмендеуі, рентгенологиялық немесе эндоскопиялық зерттеулермен
анықталады.
Туа біткен өңештің ахалазиясы.
Алғашқы белгілері (дисфагия, регургитация) 3-5
жастан асқан балаларда байқалады. Өңешке эндоскопия (немесе рентгеноскопия)
жасағанда гипертонус жағдайда тұрған өңештің төменгі сфинктерінің жұтынған кезде
босаңсымауы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |