Клиникалық көрінісі.
Негізгі белгілері:
-
ащы (өт қосындысы), қышқыл ауамен кекіру, түнде регургитация нәтижесінде
«жастықта дақ» байқалуы мүмкін;
-
күйу (эпигастрия аймағында, төс артында күйу сезімі байқалады). Күйу сезімі әдетте
емдәм бұзылғанда (майлы тамақ, қуырылған тамақ, кофе, газдалған сусындар
ішкенде), шектен тыс көп тамақ ішкенде күшее түседі;
-
төс артында, семсер тәріздес өсінді артында, әдетте ұстама тәріздес, жүрек тұсына,
мойынға, жаурын аралығына берілетін, ауырсынудың пайда болуы;
-
өңештің орта және жоғары үштігінің әсер етуіне және асқазандағы сұйықтықтың
әсерінен жиі респираторлы бұзылыстар (ларингоспазм, алғашқы айлардағы
балаларда апноэ, бронхоспазм, бронхиальды астманың түнгі ұстамалары,
қайталанған пневмониялар) байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: