Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


БАЛАЛАРДЫ АУРУДАН САҚТАНДЫРУ



Pdf көрінісі
бет447/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   443   444   445   446   447   448   449   450   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

БАЛАЛАРДЫ АУРУДАН САҚТАНДЫРУ
Дені сау баланың тәрбиесі мен дамуын, сауықтыру шаралар жиынтығын дұрыс іске
асыруда, аурудан сақтауда, балалар аурыуын және өлімін азайтуда балалар емханасы
айтарлықтай орын алады. 
Босанғанға дейінгі қатынау (патронаж).
Сіәбидің денсаулығын қорғауға
бағышталған алдыналу шараларын іске асыру, ол туғанға дейін басталады. Әсіресе,
жүктіліктің алғашқы айларында антенатальды алдын алу шаралары өте маңызды болып
келеді. Жүкті әйелдің денсаулығын бақылауды акушер-гинеколог мамандар мен педиатр
дәрігерлер бірлесіп жүргізеді. Участкелік медбике босанғанға дейін кемінде 2, қажет
281


болса, 3 рет қатынап, алдын алу шараларын іске асырады. Алғашқы қатынау жүкті әйел
туралы мәлімет түскен соң, екіншісі, әдетте, жүктіліктің 31-32 апталарында жасалады.
Босанғанға дейінгі жүкті әйелге қатынаудың мақсаты:
-
Жүкті әйелдің денсаулығын, әлеуметтік жағдайын және отбасындағы
психологиялық жағдайды, болашақ сәбидің тұратын жерін анықтау;
-
Еңбек тәртібі, дем алуы, тамақтануы, сәби бұрышының (бөлмесін) тәртібін үйрету;
-
Осы кезден бастап дәрігерлердің кеңесісіз дәрі-дәрмек ішуден, спиртті ішкіліктен,
шылым шегуден және басқа жағымсыз дағдылардан сақтандыру өте маңызды болып
келеді.
Әлеуметтік-тұрмыстық қиындықтар байқалғанда, жүкті әйелді заңгерге жіберіп,
оның жұмыс орнындағы әкімшілік пен қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас орнатуға
көмектесу керек. Қалыптасқан ережеге сәйкес, учаскелік дәрігер педиатр мен учаскелік
мейірбике бірігіп, сәби перзентханадан шыққаннан кейін алғашқы 1-3-ші (дұрысы
алғашқы 1-2-ші күндері) күндері жаңа туылған нәрестені үйіне қатынап (1-ші қатынау -
патронаж), қарайды. Егер тұңғыш бала болса, перзентханадан шыққан күні қатынаған
дұрыс. Сосын мейірбике бірінші аптада үйіне 1-2 күнде, алғашқы айда – әр апта сайын,
келіп тұрады. Дәрігер бірінші айда 7-10 күн сайын, одан соң баланың дені сау болса,
айына бір рет анасы сәбиімен емханаға қатынап, баланы қарап, алдын алу және дұрыс
тәрбиелеу шараларын іске асырады.
Алғашқы қатынауда анасының шағымдарын, сәби мен анасының жағдайын,
жүктіліктің және босануың қалай өткенін, нәрестені нешінші күннен бестап емізгенін,
қалай емгенін, кіндігі қашан түскенін, перзентханадан қашан шыққаны, физиологиялық
салмақ жою мөлшерін анықтайды.
Нәрестені қарағанда, оның жалпы жағдайына, әртүрлі мүшелері мен жүйелерінің,
әсіресе жүйке жүйесінің, тері, кіндік жарасына, дамуында ауытқулар бар жоғына ерекше
көңіл аударып қарайды. Сонымен қатар, перзентханадан шыққандағы көшірме-парағымен
толық танысып, мәліметтер алады. Егіздер, шала туылғандар, үлкен салмақпен туылған-
дар, босану жарақатын алғандар, анасында жүктілік немесе босану кезінде ауытқулар
анықталғандар немесе жүктілік кезінде инфекциялық аурулармен ауырған аналардың
балалары, нәрестелер патологиясы бөлімшесінен шыққан балалар, әлеуметтік-тұрмыс
жағдайлары нашар балалар тобына жатады және жеке жоспар бойынша бақыланады. 
Анасына сәбидің денсаулығына және жеке ерекшеліктеріне сәйкес гигиеналық
жағдай жасау, дұрыс тамақтандыру, күн тәртібі, таза ауаға шығару бойынша кеңес береді.
Мейірбике қайталап келгенде, баланы қарап, дәрігер тағайындауларының орындалуын
қадағалап, қажетті кеңес береді. Нәрестенің 4-ші апталығында қатынағанда, анасын
сәбимен емханаға алғашқы қабылдауға шақырады. Ол үшін арнайы шақыру парағына
дәрігердің аты-жөнін, қабылдайтын жері мен уақытын, емхананың мекен-жайын, оған
қалай жету ыңғайлы екенін, қажетті күтім заттарын (киім, жаялық және т.б.) жазып береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   443   444   445   446   447   448   449   450   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет