Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


АНА СҮТІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ



Pdf көрінісі
бет467/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   463   464   465   466   467   468   469   470   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

1.9.2 АНА СҮТІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Ана сүтінің құрамы жануарлар сүтінен белок, май, көмір сулар, минеральды тұздар
және судың мөлшеріне, қарым-қатынасына байланысты өзгеше болады.
 
Ана сүті мен сүт
анасында сүт жоқ болғанда ең жиі қолданылатын, сиыр сүтінің құрамындағы негізгі
тағамдық заттардың айырмашылығы, әсіресе, сүт қоспаларын дайындау үшін сиыр сүтін
сұйылтқанда, айқын білінеді.
Ана сүтінің құрамына көптеген белоктар кіреді, соның ішінде 18 белок қан
сарысуының белоктарына сәйкес болып келеді. Ана сүтін электрофорез жасағанда, 5
фракция, сиыр сүтінде 3, сиректеу 4 фракция, бөлуге болады. Жануарлар сүтіндегі белок
мөлшері, сонымен қатар, қайнатылғанына немесе қайнатылмағанына байланысты.
Ана сүтіндегі белоктың жалпы мөлшерінің кұрамында, казеинмен салыстырғанда,
лактоальбуминнің, лактоглобулиннің және иммуноглобулиндердің мөлшері артық болып
келді. Ал, сиыр сүтінде негізінен казеин болады. Ана сүтінде альбумин мен казеиногеннің
қатынасы 3:2 болса, сиыр сүтінде 1:4 болады. Казеиноген асқазанда қарын сөлінің (тұз
қышқылы, лабфермент) әсерімен казеинге айналады, яғни, ұйиды. Ана сүтінің казеині 30
мкг болса, сиыр сүтінің казеині 102 мкм болып келеді. Ана сүті ұйығанда белогінің ұсақ
дисперсиялы болуына байланысты түйіршіктері ұсақ болады да, асқазан сөлінің әсер
ететін бет көлемі үлкен болады. Сүттің ұюы, сонымен қатар, оның буферлі жүйесіне де
байланысты болады. Бұл ерекшеліктер ана сүтінің белоктарының жеңіл қорытылып, жеңіл
сорылуына ықпал етеді. Сонымен қатар, баланың белоктары мен анасының сүтінің
белоктарының биологиялық сәйкестігіне байланысты ана сүті құрамындағы белоктың 1/3
бөлігі өзгермеген күйінде сорылады.
Ана сүтінде ұсақ дисперсиялы белоктар (альбуминдер) болса, сиыр сүтінде ірі
дисперсиялы белоктар (казеиноген) көп болады. Альбуминнің құрамында күкірт көп
болса, казеиннің құрамында фосфор көп болады. Ана сүтінде, сиыр сүтіне қарағанда,
иммуноглобулиннің, әсіресе, секреторлы А иммуноглобулиннің мөлшері көп болады.
Ана сүтінің құрамындағы А иммуноглобулиннің асқазан сұйықтығының РН-ның
төмендігіне және протеолитикалық ферменттердің әсеріне беріктігі байқалады. Трипсин,
эластаза және химотрипсин (ұйқы безінің ферменті) секреторлы иммуноглобулинді
ыдыратады. Сонымен қатар, сүтті ұзақ қыздыру, әсіресе, қайнату, А иммуноглобулинді
толық бұзып жібереді, сондықтан, донорлық сүтте А иммуноглобулин болмайды деп
айтуға болады.
297


Ананың ішегінде, тыныс жүйесінде, терісінде және тағы басқа жүйелерінде
инфекциялармен жолыққан лимфоциттер сүт безінің ацинарлық тканьдарына жиналады
да, А иммуноглобулиннін секреторлы иммуноциттер уызға, ана сүтінен өтіп, балаға
жетеді. G иммуноглобуллині баланың ішегінде өзгермеген күйінде сорылады, ол
секреторлы иммуноглобулиндер жергілікті иммунитетті қамтамасыз етеді. Ана сүтімен
активті лейкоциттер және лимфоциттер келеді, оның бір қатары баланың ішегінде
қорғаныстың қызметін жалғастыра береді.
Барлық жануарлардың сүтінде де қажетті амин қышқылдары болғанмен де, ана
сүтіндегі олардың мөлшері бір жасқа дейінгі балалардың мұқтаждығына сәйкес келеді.
Ана сүтінде амин қышқылдары, сиыр сүтімен салыстырғанда, 3 есе аз. Ана сүтінде,
сонымен қатар, ауыстырылмайтын амин қышқылдары да аз. Кейбір амин
қышқылдарының қатынасында да айырмашылық бар. Сиыр сүтінде бұтақты (изолейцин,
лейцин) және хош иісті (фенилаланин) амин қышқылдары басым болады. Табиғи
тамақтанатын емшек жасындағы балалардың амин қышқылдарына мұқтаждығы жасанды
қоспалармен, тамақтанатын балаларға қарағанда, аздау болады. Бір жасқа дейінгі, әсіресе
алғашқы айлардағы, балаларда, олардың асқазанынын бас клеткаларының фермент түзу
әрекеті төмен болғандықтан, ана сүтінің протеолитикалық активтілігінің маңызы үлкен
болып келеді. Осыған орай, алғашқы айларда өзіндік қуыстық тамак қортылуының
шектеулі, ана сүтінде ферменттер болуымен қамтамасыз етілетін аутолитикалық ас
қорытудың артуына байланысты қалыптасады.
Табиғи тамақтандыруда майдың мөлшері мен құрамының маңызы үлкен, үйткені ана
сүтінің құрамындағы энергияның 47%-ын май құрайды. Майдың баланың өсіп жетілуінде
атқарар маңызы да үлкен. Ана сүті майының негізгі компоненті триглицеридтер болып
келеді. Оларда стеарин қышқылы глицеролға сырткы қалпына, ал пальмитин қышқылы
ішкі жағынан қосылады. Алғашкы айларда балалардың ұйқы безі липазасының активтілігі
төмен, конъюгацияланған өт тұздарының концентрациясының қалыпты керсеткіштерінің
ең төменгі деңгейінде болатындықтан, майдың гидролизденуі, әсіресе, ұзын көміртекті
тізбекті (стеарин, пальмитин қышқылдары) қанықан май қышқылдарының еруі, нашар
жүреді. Ана сүтінде пальмитин қышқылының мөлшерінің аз болуы майдың толық
гидролизденбеген заттарының (2-моноглицеридтер) жеңіл гидролизденуіне және толық
абсорбциялануына (пиноцитозға) ықпалын тигізеді. Сиыр сүтінің триглицеридтерінде,
пальмитин қышқылы глицеролмен 2-ші және 3-ші қалыпта байланысқан, үлкен
молекулалар саны көп болады. Ұйқы безінің липазасымен гидролизденгенде, кальциймен
жеңіл (сабындалып) қосылып (сиыр сүтінде оның мөлшері өте көп), жеңіл шығарылатын,
бос май қышқылдары пайда болады. Сонымен, сіңірілу коэффициентімен өлшенетін, сиыр
сүтінің триглицеридтерінің тағамдық құндылығы ана сүтінде қарағанда төмен болады.
Бірінші аптада ана сүтінің сіңірілу коэффициенті 90% болса, сиыр сүтінде 60% болады.
Одан әрі сіңірілу коэффициенті арыта түсіп, ана сүтінде 95, сиыр 80-85% жетеді.
Ана және сиыр сүттеріндегі май мөлшерінің айырмашылығы көп болмағанмен (3,5-
3,8%), ана сүтіндегі май құрамының сиыр сүтіндегіден көп айырмашылығы бар. Ана
сүтіндегі май кұрамында қанықпаған, адам организмінде, әсіресе бір жасқа дейінгі
балаларда, түзілмейтін, эссенциальды май қышқылдары басым болады. Олар барлық май
қышқылдарының 11% құрайды. Сиыр сүтінде эссенциальды май қышқылдары шамалы
болады. Бұл ерекшелік шайнап жейтін жануарларға тән ас қорытуға тағаммен келетін
қанықпаған май қышқылының гидрогенизациясымен түсіндіріледі. Қайықпаған май
қышқылдары мөлшерінің жоғары болуы ана сүтіндегі майдың балқу нүктесінің төмен
болуын қамтамасыз етеді.
Ана сүті майының құрамында тізбектері 4-22 көміртегі атомдардың тұратын май
қышқылдары бар. Бұл, төменгі сатыдағы қаныққан май қышқылдары ішекті
тітіркендіретін болғандықтан, ішек-қарын функциясына әсер етеді.
Ана сүтінде линоль және арахидон қышқылдарының мөлшері сиыр сүтімен
салыстырғанда жоғары.
 
Олар, организмде түзілмейтін болғандықтан, ауыстырылмайтын
298


қышқылдар тобына жатады. Линоль қышқылының мөлшері ана сүтінде, сиыр сүтімен
салыстырғанда, 5 есе артық Сүт қоспаларында, сиыр сүтінің сұйытылуына байланысты,
одан әрі төмендейді. Бұның елеулі маңызы бар.
Май қышқылдарынын құрамы орталық нерв жүйесінің жұмысына әсер етеді. Тізбегі
20-22 көміртегі атомынан тұратын арохидон қышқылының маңызы ерекше. Ол қышқыл
нерв тканінің құрамына кіреді, сондықтан оның функциясына ықпал етеді. Сиыр сүтінің
майы миристин және лаурин қышқылдары мөлшерінің көбірек болуы қан сары суында
холестериннің жоғарғы болуына ықпалын тигізеді. Ана сүтінде Е мен Ғ простогландиндер,
сонымен қатар, олардың туындылары болады.
Ана сүті майындағы фосфатидтерің концентрациясының жоғарылығының үлкен
маңызы бар. Ана уызының майында 6,1% фосфатидтер болса, жетілген сүтте 1,7%, ал
лактацияның ақырғы кездерінде 0,8% болады. Фосфатидтер тамақ 12-елі ішекке
ауысқанда қалтқының жабылуын қамтамасыз етеді. Асқазаннан бір қалыпты ауысуына,
ішекке өттің ерте және көп мөлшерде түсуіне және ащы ішектің жоғарғы бөлігінде
майдың сорылуының қарқындалау жүруіне әсерін тигізеді.
Сонымен катар, майлардың ыдырауы мен сорылуында да айырмашылық бар. Ана
сүтінің сорылу коэффициенті бір жасқа дейінгі балалардың өзінде 90 пайыздан артық
болса, сиыр сүтінде бұл көрсеткіш 60%-дан төмен болады. Бұл 2 түрлі себепке
байланысты. Ана сүтінде ең қолайлы әрекеті РН 7,0-ге тең болғанда байқалатын липаза
ферменті болады. Оның активтілігі лактация кезеңінде аз мөлшерде, 3-3,5 бірлік/мл
деңгейінде өзгереді. 
Липаза-трибутиразаның орташа активтілігі, сиыр сүтімен салыстырғанда, ана сүтінде
20-25 есе (кейбір қаламгерлердің мәліметі бойынша 100 есе) артық. Ана сүті майының
липазаның әсерімен ыдырауы асқазанның активті қышқылдығы қамтамасыз етеді. Бұл
оның эвакуациялық функциясының реттелуіне және безінің сөлінің ерте бөлінуіне ықпал
етеді. Осыған байланысты табиғи тамақтандыруда майдың қортылуы және оның сіңірілуі
жеңіл жүріп, ас қорытудың зорлануы азаяды.
Ана сүтінің майының жақсырақ сінірілуінің келесі себебі май кышкылдарының
триглицеридтердегі стереохимиялық қалыпты болып келеді. Липаза, өз қышқылдарының
қатысуымен, стеарин қышкылының сыртқы қалпында, жоғарғы активтілік білдіреді.
Ана сүтінде сүт қантының (лактоза) мөлшері жануарлар сүтіндегіден көп болады.
Сүт қантының әртүрлі изомерлік құрылысы сияқты сапалық айырмашылығы да бар. Ана
сүтінде бета-лактоза болса, сиыр сүтінде альфа-лактоза болады. Ана сүтінде бета-лактоза
сиыр сүтіндегі альфа-лактозаға қарағанда, баяу сіңіріледі де, тоқ ішекке жетіп, грамм оң
бактериалық флораның өсуін стимуляциялайды. Бета-лактоза В витаминдер тобын
стимулдейді және байтарап майлардың мөлшерін азайтып, лецитинның мөлшерін
арттырып, липидтердің құрамына әсер етеді. Ана сүтінде аз мөлшерде сахароза, сиректеу
мальтоза, моносахаридтерден фруктоза болады. Фруктоза сүттің барлық бөлігінде
анықтала бермейді. Жетілген сүтте, уызға қарағанда, негізінен лактоза есебінен арытады,
ал сахароза, мысалы, төмендейді. Ана сүтіндегі бифидобактериялардық өсуін стимул-
дейтін олигомин қантының үлкен маңызы бар. Ол


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   463   464   465   466   467   468   469   470   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет