Салмақтық әдіс.
Күн бойына баланың ішкен тағамын өлшеу арқылы бағалау, 3-7
күн бойына жүргізіледі.
Емшек жасындағы балалардың ішкен тамағы тамақтандырғанға дейін және онан
кейін баланың салмағын өлшеу арқылы анықталады.
Жасанды және аралас тамақтандыру берілетін қоспа,
қосымша тағамдар
мөлшерленеді. Бұл алынған мәліметтерден соң тағамдардың энергиялық құндылығы,
химиялық құрамы, баланың жасына сай қалыпты физиологиялық мұқтаждығымен
салыстырылып, тексеріледі.
2. Дене дамуы, денсаулық жағдайы баланың тамағының
сапалылығы туралы мәлімет
береді.
3. Балалардың тағамдық маңызды заттармен қамтамасыз етілғендігін биохимиялық
тәсілімен анықтайды. Организмнің қажетті нутриенттермен қамтамасыз етілгендігін
анықтауға арналған биохимиялық әдіс организмдегі
биологиялық сұйықтық пен
тканьдердегі нутриенттерді және олардың әрі қарай биотрансформацияланған
метаболиттерін есептеуге негізделген. Организмнің
белокпен қамтамасыз етілгендігін
қандағы жалпы белоктың жалпы мөлшерін,
ауыстырылатын, ауыстырылмайтын
аминқышқылдарын, альбумин,
азот балансын, және зәрмен экскрецияланған жалпы
азоттың, мочевинаның, креактининнің, аммиактың
мөлшерін анықтау арқылы
жүргізіледі. Бала организмінің липидтермен қамтамасыз етілуін май қышқылының
метаболизациялық коэффициентімен анықтайды.
Витаминдермен және минеральды заттармен қамтамасыз етілуін олардың
экскрецияланған мөлшерін қалыпты мөлшерімен салыстырып тексереді.
Балалардың тамақтану жағдайына бағалау комплексті түрде
клиникалық,
биохимиялық зерттеу нәтижесінде берілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: