Жалпы білім беру мектебінің сыныбына балаларды қабылдау тәртібі. Елімізде
12 жылдық білім беру жүйесі әлі толық іске асырылмағандықтан, балалардың мектепке
баруы 6-7 жаста жүреді. Болашақ 1-ші сыныпқа баратындардың медициналық қаралуы
«мектепке жетілгендік» анықтамасымен толықтырылған – мектепте оқуға дайындық,
денсаулығы, биологиялық жетілуі, мектепте оқуға қажет шеберлік пен функциялар
қалыпты болуы керек. Соның бірі (Керн-Ирасек) 3 байқаудан тұрады:
а. есте қалғанымен, адам суретін салу;
б. образды қысқа фраза «ол сорпа ішті»-ге еліктеп (көшірме жасап) жазу;
в. III үлгісімен симметриялы нүктелерді салу.
Әрбір істелген жұмыс 1 баллмен бағаланып (ең жақсысы) 5-ке (ең төмені) дейін
бағаланады.
Үш жұмысты орындаудың қортынды бағасы 3-9 балл аралығында болса, баланың
мектепке дайын болғаны. Баллдар қортындысы 10 немесе одан жоғары болса, бала
мектепке дайын емес.
Алғашқы рет мектепке баруды тежейтн медициналық көрсеткіштер:
І. Соңғы жылдары төмендегі аурулармен ауруы:
1.
Жұқпалы гепатит;
2.
пиелонефрит, диффузды гломерулонефрит;
3.
ревматикалық емес миокардит;
4.
эпидемиялық менингит, менингоэнцефалит;
5.
туберкулез;
6.
активті сатыдағы ревматизм;
7.
қан аурулары;
8.
жедел ауа-тамшы ауруларымен жылына 4 реттен жиі ауру.
ІІ. Субкомпенсация және декомпенсация сатысындағы келесі созылмалы аурулармен
ауру:
1.
Гипотониялық немесе гипертоникалық типті вегетотамырлы дистония;
2.
ревматикалық немесе туа болған жүрек ақаулары;
3.
созылмалы бронхит, бронхиальды астма, созылмалы өкпе қабынуы (ауыр
түрінде немесе жыл бойына тұрақты ремиссия болмаса);
4.
асқазан мен аш ішектің жара аурулары, созылмалы гастрит, созылмалы
гастродуоденит;
5.
анемия (гемоглобин 48 г/л-ден т-мен);
6.
бадамша бездердің ІІІ-дәрежелі гипертрофиясы;
7.
созылмалы аденоидит;
8.
созылмалы тонзиллит (улы-аллергиялық түрі);
9.
эндокринопатия (зоб, қант диабеті және т.б.);
10. невроздар;
11. психикасының дамуының кешігуі;
12. балалардың церебральды салдануы;
13. осы жылда болған бас сүйек жарақаты;
14. эпилепсия;
15. энурез;
292