обсервациялық бөлімшелерде нәрестелер «ана мен бала» түрлі бөлмелерде орналасады.
Сонымен қатар, бұл бөлімшелерде анасымен болуға болмайтын (мысалы кесер тілігімен
алынған балалар) балалар үшін бөлмелер жабдықталады.
Физиологиялық бөлімшелерде шала туылған немесе әртүрлі ауытқулармен (тұн-
шығу, мидың зақымдалуы, тыныс бұзылыстары көріністерімен туылған нәрестелер үшін)
нәрестелер қарқынды ем палатасы жабдықталады. Бұл палаталарға басқада ауыр ауытқу-
лармен туылған нәрестелер орналастырылады. Күнделікті жұмыста бұндай бөлмелер
босанғаннан кейінгі бөлімшелердің керует санының 15% деңгейінде қарастырылады.
Обсервациялық бөлімшедегі нәрестелік керуеттер саны басанғаннан кейіңгі
керуеттер санына сәйкес келеді және барлық аруханалық (перзентханадағы) нәрестелік
керуеттер санының 20%-нан кем болмауы керек. Обсервациялық бөлімшелер басқа
нәрестелер бөлімшелерімен байланыспайтын болулары керек, мүмкіндігінше басқа
қатарларда орналасқаны жөн. Бұл бөлімшеде зерртеуден өтпеген аналар балалары, бұл
мекемеге туылғаннан кейін келіп түскен сәбилер, физиологиялық бөлімшеден аналары
науқастанып қалуына байланыты ауыстырылған нәрестелер, өте ауыр ақаулармен туылған,
ата-анасы бас тартқан нәрестелер және басқалар жатады. Іріңді қабынулы аурулар
байқалатын нәрестелер диагноз қойылған бойда соматикалық немесе хирургиялық
арухунуларға аударылады.
Нәрестелер бөлімшелерінде емшек сүтін пастеризациялайтын, БЦЖ вакциналарын,
гепатит В қарсы қолданылатын вакциналар, таза киім-кешек сақтайтын бөлмелер,
санитарлық бөлмелер, құрал-жабдықтар сақтайтын бөлмелер болуы керек. Бөлімшелерде
нәрестені құндақтайтын жылытылатын, реанимациялық шаралар жүргізуге бейімделген
стөлдер болуы керек. Құндақтайтын стөлге жақын жерде нәрестелерге күтім жасауға
қажетті жабдықтар орналасқан стөл болуы керек: ауызы кең, тығыны тығыз, 95% спиртке
арналған шыны, стерильді маймен 30 мл флакон, қолданылған материалдар үшін ыдыс
(лоток), стерильді корцангтар мен пинцеттер. Бір рет қолданылатын пластикалық кіндік
қысқышы. Құндақтайтын стөлге жақын жерде таразы қойылған (электронды) тумбочка
орналасады. Сонымен қатар, нәрестелерге жедел көмек көрсетуге қажетті жабдықтар
болуы керек.
Перзентханалардың нәрестлер бөлімшелерінде текқана стерильді киім-кешектер
қолданылады, ал жаңа бұйымдар залалсыздандырылады.
Достарыңызбен бөлісу: