Туылған баланы акушер қолына, жылы жаялыққа қабылдап алып, тез қимылдап,
нәрестенің үстін кұрғатады да, су жаялықты тастап, кұрғақ жаялыққа орайды. Нәрестенің
басына телпегін кигізіп, анасының емшегіне салады да, қосымша үш фланельді
жаялықпен, көрпемен (қыс күндері) жабады. Қажет болған кезде баланың тыныс алу
жолдарын тазартады; ауа қуысының кілегейіқ ұрықтық суларды және т.б. сорып тастайды.
Кейбір кездерде бала қанында оттегі көп мөлшерде болып немесе тыныс алу орталығының
тітіркенуі төмендеу болып туады. Осындай жағдайларда бірнеше секундтан – минутқа
дейін нәресте дем ала алмайды. Бұл – жаңа туылған баланың
апноэсы
деп аталады. Дені
сау, уақытында туған баланың дауысы қатты болады. Бірінші рет терең тыныс алады,
содан кейін тыныс алуы біркелкі, бір-ақ беткейлі және жиі, 40-60 рет болады. Бала
жағдайы өмірінің бірінші минутында Апгар шкаласы бойынша бағаланады
(61 кесте).
Жалпы бағасы 5 көрсеткіштің (тыныс алу, жүрек соғу, тері түсі, бұлшық ет тонусы,
бейнелістер) бағасының қосындысымен анықталады (ең жоғары бағасы – 10 балл). Жаңа
туылған баланың жағдайы 7-10 баллмен бағалағанда, қанағаттанарлық деп саналады.
Жалпы бағасы 7 баллдан төмен болса, балада зақымдану болуы мүмкін (гипоксия,
орталық нерв жүйесінің зақымдалуы). Дені сау уақытында туылған балалардың көбісінің
жағдайы 9-10 баллмен бағаланады. 5 минуттан соң және 2 сағат өткеннен кейін (балалар
бөліміне ауыстырар алдында) дәрігер Апгар шкаласын пайдаланып, баланың жағдайын
қайтадан бағалайды.
Ең бірінші бленореяның (создық конъюктивиттің) алдын алу шаралары жүргізіледі
(терілік және көзбен ұшырасудан кейін). Негізінен Креде-Матвеев әдісі қолданылады.
Конъюктива қаптарына азот қышқылды күмістің ертіндісін бір-бір тамшыдан тамызады.
Қыз балаларда осы ертіндінің 1-2 тамшысын сыртқы жыныс мүшесінің кілегей қабығына
да тамызады. Әдетте, бұл дәріні тамызғаннан кейін реактивитті конъюктивит байқалады,
сондықтан, қазіргі кезде 20 – 30 % альбуцид ертіндісі қолданылады.
Баланың жағдайын анықтаған соң, дәрігер мен акушер туа болған ақаулардың бар
жоғын тексереді (жоғарғы еріннің және таңдайының болмауы, көтеншектің бітелуі, Даун
ауруы және т.б.). Анықталған ақаулар баланың даму тарихына тіркеледі.
Достарыңызбен бөлісу: