Сонымен бірге, қыз балалардың сыртқы жыныс мүшелерінің ісінуі байқалады.
Бірінші күндері жыныс саңылауынан ақ түсті кілегей шығады, бұл жатырдың мойындағы
безді тіндердің жалпақ эпителиі клеткаларының қосылып шығуы. 3-7 тәулігінде кілегейге
қан қосылуы мүмкін. Бұл жағдай 1-2 күн анықталып, соңынан өзінен өзі жойылып кетеді.
Бұл жағдайлар ұрыққа анасының жыныс гормондарының өтуіне байланысты болады.
Анасының жыныс гормондарының әсеріне байланысты, ер балалардың аталық
бездерінің арасында мөлдір сарылау сұйықтық жиналуы мүмкін, 6 аймен 12 айдың
аралығында сұйықтық сіңіріліп кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: