Қорғап, мамандандырылған күтім жасау, ШТН күтуде маңыздылығы бойынша
бірінші орын алады. Қолайлы (комфортты) жағдаймен қамтамасыз ету, нәрестенің
(адекватты температура, ауа ылғалдылығы, жеткілікті оттегі емі, тыныштық, дұрыс
тамақтандыру, емдеу және нәрестені тексеру іс-әрекеттерін еппен, аяушылықпен жүргізу)
қоршаған ортаның жаңа жағдайларына оңай бейімделуіне көмектеседі, бұзылған алмасу
процесстерінің өзіндік реттелуіне ықпал жасайды. Ең күшті тітіркендіргіш ретінде туылу
кезінде қоршаған ортаның температурасының күрт төмендеуі болады. Осындай
өзгерістерге ШТН әсіресе сезімтал болып келеді. Сондықтан туылу бөлмесінде ауа
температурасы 24 - 26 Сº болуы керек. ШТН туылған бойда жылы жаялыққа қабылдануы
керек, бірінші тазарту жылытқышы бар стөл үстінде жүргізілуі тиісті, қалай болғанда да
оларды тоңазып қалудан сақтау керек. Салмағы 2 кг және одан төмен болып туылған
нәрестелерде жылылықты ұстап тұру қабілеті жоқ, сондықтан оларды кувезге салу керек.
Бала салмағы қанша төмен болса, кувездегі температура сонша жоғары болу керек. Бала
салмағы 1000 г болса бірінші аптасында ауа температурасын 34,5-35Сº қылу керек, ал
салмағы 1500-1700 болса 33-34Сº болуы жеткілікті. Кейін кувездің температурасы 0,5-1
Сº әр 7–10 күн сайын төмендетіледі.
Көптеген ШТН гипоксемия орын алады, сондықтан олар қосымша оксигенация
жасауды талап етеді. Тіпті кувездегі оттегі концентрациясын 25-30%-ға арттырғанның
өзінде нәресте жағдайы жақсарады. Оттегі ағымы 2-3 л/мин болуы керек. Оттегі
концентрациясы 40% аспауы керек, себебі нәресте көзінің торлы қабатына токсикалық
әсер етіп, ретинопатия туғызуы ықтимал.
ШТН-дің өмірінің бірінші аптасында ауа ылғалдылығының жоғары болуын
қамтамасыз ету керек: бірінші 3-4 күнінде 80–90%, 4-7 күнінде – 70–80%. Әрі қарай 60%
(2 апта) және 50% (3-4 апта) дейін төмендетіледі.
Тар киім және өте қысып құндақтау нәресте қимылдары мен тыныс алуына кедергі
жа-сауы ықтимал және оның сезімтал терісін зақымдауы мүмкін, сондықтан оларды бос
қылып құндақтау керек, тар киімді кигізбеу тиімді. Оны қысып орағанның өзі тері асты
шел май қабатында трофикалық өзгерістерге әкелуі мүмкін. Кувезде нәрестелер киімсіз
жатуы керек.
Жылытқыштарды да (грелка) байқап қолдану керек, себебі онша ыстық емес
болғанның өзінде де оларда 2- және 3-дәрежелі күйік дамуы мүмкін.
Памперстерді қолданбаған жөн болады, себебі олардың бөлетін токсикалық
бөлінділері аз мөлшердің өзінде де оларға зиянды әсер етуі ықтимал болады. Кереуетте
дұрыс жатуының өзі маңызды. Бас жағы көтеріңкі болу керек, қырына жатқанда иегі
кеудесіне тиіп жатпау керек, себебі тыныс алуына кедергі болады. Көп уақыт бір қалыпта
болмау керек. Күтім жасау арнайы мамандырылған қызметкерлермен жүргізілуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: