аналарына стероидті емнің қолданылмауы (РДС алдын алу);
перинатальды асфиксия;
жынысының ер болуы;
гипотермия;
тыныс бұзылысы синдромының I-ші типі (ТБС, Респираторлы дистресс синдром,
гиалинді мембрана ауруы).
Шала туылған нәрестелердің одан әрі дамуына салыстырмалы қорытынды баға
бергенде келесі факторларды ескеру қажет:
салыстырып отырған популяцияның арасында тірі қалғандардың деңгейін;
құрсақішілік дамуының мерзімін;
егіз туылған балаларда жүйке жүйесінің бұзылыстарының жиірек кездесетіндігін;
басынан өткізген ауруларды (пре-, интра- және постнатальды);
баланың туылған отбасының әлеуметтік-экономикалық статусын;
ата - аналарының балаға деген қарым-қатынасын;
ата - аналарының денсаулығы және білім деңгейіне;
генетикалық факторларды;
Қорыта айтқанда шала туылған баланы ұзақ уақыт бақыламай, оған құрсақ ішінде
жағымсыз факторлардың әсерінің ұзақтығын толық анықтамай болжам айту қате.
Баланың үйлесімді физикалық дамуы – оның денсаулығының өте маңызды
көрсеткіштерінің бірі болып есептеледі. Физикалық дамудың әр түрлі параметрлері
клиникалық-диагностикалық маңызы бар. Осыған байланысты күні жетпей туылған
нәрестелердің физикалық дамуының заңдылықтары, өмірінің кейінгі кезеңдерінде өте
маңызды және өзекті болып табылады. Күніне жетпей туған балалардың физикалық
дамуы оның бастапқы денесінің салмағына және бойының ұзындығына тығыз
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: