Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет550/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   546   547   548   549   550   551   552   553   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

ІІ сатысына
көшеді. Шаралар тыныс қапшығы және
масканың көмегімен өкпені желдендіруден басталады. Тыныс жиілігі минутына 30-50 рет.
Жиі 60% оттегілі-ауалы қоспа (шала туылған балаларда – 40%) қолданылады. Кеуде
клеткасының жақсы экскурсиясы альвеолалардың жеткілікті желдетілгенін дәлелдейді,
сонымен қатар, тыныс жолдары өткізгіштігінің маңызды бұзылыстарының жоқ екенін
көрсетеді. Қапшықпен және маскамен желдетуден әсер болмаса, мекониймен
аспирациялануға күдік туса, ЖСЖ минутына 80 реттен аз болса және тыныс жолдарына
бақылауды және жүрекке сыртқы массажды қажет етсе, ол эндотрахеальды интубацияға
көрсеткіш болып табылады. Өкпені жасанды желдендірумен қатар, көктамыр ішіне
налорфин мен этимизол енгізу арқылы тынысты қалыптастырады. ӨЖЖ басталғаннан
кейін 20-30 секундтан соң міндетті түрде жүректің соғу жиілігін есептейді, егер ол
минутына 80-100 рет болса, онда өкпені жасанды желдендіруді жүректің соғу жиілігі
минутына 100 ретке дейін жоғарылағанша жүргізе береді.
Егер ЖСЖ минутына 80 реттен төмен болса, онда реанимацияның
ІІІ сатысына
көшеді. 100% оттегі концентрациясы бар маскамен ӨЖЖ фонында міндетті түрде
жүректің сыртқы массажын бастау керек. Егер 20-30 секунд массаждан соң нәтиже
болмаса, интубациялап және массажбен бірге аппаратты өкпені жасанды желдендіруді
бастау керек. Төстіктің төменгі үштен біріне (семсер тәрізді өсіндіге баспау керек, себебі
бауырдың зақымдалуына қауіп туады) 1,5-2,0 см төмен басып минутына 100-140 рет
жиілікпен жүргізеді. Жүректің тікелей емес массажының нәтижесін терінің түсі және сан
артериясындағы пульс бойынша бағалайды. Егер 60 секунд жүрек массажынан соң нәтиже
болмаса, жүрек қызметін адреналинмен қалыптастыру керек, оны 0,1мл/кг салмағына
0,01% ерітіндіде эндотрахеальды немесе кіндік венасына енгізеді. Енгізуді 5 минуттан
кейін қайталайды (3 ретке дейін). Бір мезгілде ӨЖЖ мен жүректің тікелей емес массажын
жалғастыра береді. Содан соң тері жамылғысының түсін және микроциркуляция жағдайын
бағалайды. Көрсеткіштеріне байланысты инфузиялық терапия (альбумин, нативті плазма,
хлорид натрийдің изотоникалық ерітіндісі) жүргізіледі. Жоспарлы инфузиялық терапия
міндетті болғанда, оны туылғаннан соң 40-50 минуттан кейін жүргізуді бастайды.
Инфузиялық емнің көлеміне қарағанда, тамшылату ұзақтығы маңызды екенін есте сақтау
керек. Асфиксиямен туылған барлық балаларға босану залында К витаминін енгізеді.
Біріншілік реанимация жүргізілген соң және өмірге маңызды функциялардың біртіндеп
қалыпқа келтірілгеннен кейін, баланың жағдайы ауыр болса, онда баланы мүмкіндігінше
балалар ауруханасының ЖТН реанимациясы бөлімшесіне ауыстыру керек.
Егер 15-20 минуттан соң балада өздігінен тыныс алу пайда болмаса және тұрақты
брадикардия сақталатын болса, ол кезде мидың ауыр зақымдалу мүмкіндігі жоғары, онда
реанимациялық шаралардың тоқтатылуын шешу керек.
Асқынулары.
 
Асқынулардың екі тобын бөледі – ерте, өмірінің алғашқы сағаттары
мен тәуліктерінде дамиды, және кеш – өмірінің алғашқы аптасынан кейін және одан да
кеш дамиды.
Ерте асқынуларға мидың зақымдалуынан басқа (ісіну, бассүйекішілік қан құйылулар,
некроздар және т.б.), гемодинамикалық (өкпе гипертензиясы, жүрек жетіспеушілігі),
бүйректік, өкпелік, асқазан-ішектік, геморрагиялық (анемия, тромбоцитопения, ДВС-
синдром) зақымданулар жүреді. Кеш асқынуларға инфекциялық (пневмония, менингит,
сепсис) және неврологиялық (гидроцефалиялық синдром, гипоксиялық-ишемиялық
энцефалопатия) зақымдалулар жатады.
348




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   546   547   548   549   550   551   552   553   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет