Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Орталық нерв жүйесінің туылу жарақаттары мен зақымдалулары



Pdf көрінісі
бет552/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   548   549   550   551   552   553   554   555   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Орталық нерв жүйесінің туылу жарақаттары мен зақымдалулары.
Перинатальды патология

жүктіліктің 28 аптасынан ЖТН өмірінің 7 күні
аралығында байқалатын патология.
Қазіргі уақытта ОНЖ зақымдалуына әкелетін перинатальды патологияның саны
жоғарылады:
1.
Ми гипоксиясы – 47%;
2.
Аномалиялар (ми дисплазиясы) – 28%;
3.
TORCH-инфекциялары – 19 (токсоплазмоз +қызамық цитомегаловирустар + герпес
+ т.б. инфекциялар). Герпес вирустар тератогенді қасиетіне байланысты қызамықтан
кейін 2-ші орын алады.
4.
Тұқымқуалайтын зат алмасу бұзылатын аурулар: фенилкетонурия (ФКУ),
галактоземия, лейциноз («үйеңкі шырыны» ауруы).
«ОНЖ перинатальды зақымдалуы (ОНЖ туыл у жарақаты, бассүйекішілік туылу
жарақаты)» термині терең патоморфологиялық өзгерістермен сипатталады, ол миға қан
құйылу (бассүйекішілік қан құйылу) және тіндер деструкциясымен (гипоксиялық-
ишемиялық энцефалопатия) білінеді. Бассүйекішілік қан құйылулар шығу тегі бойынша
жарақаттық және гипоксиялық болып бөлінеді. Гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия
(ГИЭ) – перинатальды гипоксиямен сипатталатын, қимыл-қозғалыс бұзылысына,
құрысуларға, психикалық даму бұзылысына әкеліп соқтыратын мидың зақымдалуы.
Клиникасында физиологиялық қалыпты деңгейден асатын бас көлемінің үлкеюі
(өмірінің бірінші кварталында ай сайын 2см асады), бассүйек жіктерінің ажырауы,
басында айқын веналық тордың анықталуы, үлкен еңбектің ісінуі мен үлкеюі байқалады.
349


Қозғыштықтың жоғарылауы, ащы айқай, көз симптомдары байқалады, бұлшықет тонусы
өзгереді (гипо- немесе гипертонус).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   548   549   550   551   552   553   554   555   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет