11. Сүт бездерінің дамуының қалыс қалуы. Шала туған балалардың сүт бездерінің
физиологиялық ісінуі болмайды. Бұл топқа гестациялық жасы 35-36 апта балалар
кірмейді. Салмағы 1800 г төмен балалардың сүт безінің ісінуі болуы, құрсақішілік
гипотрофия бар екендігін аңғартады.
Барлық айы - күні жетіліп туылғандардың және шала туылған
ЖТН салмағының және
гестациялық жасының арақатысына қарай (ГЖҮ);
гестациялық жасына сәйкес (ГЖС);
гестациялық жасынан кіші (ГЖК).
Бұл топтарда тек жеке өздеріне ғана тән патология кездеседі. Оларды туылғаннан
кейін осындай топтарға бөлу, оларда қандай ауыртпашылықтар болатынын болжауға
мүмкіншілік береді. Бұл практикалық медицинада өте маңызды нәрсе, өйткені ол аурулар
бұл ЖТН-де бір-біріне өте ұқсас болып келеді. Егер осы жағдайды ескермесек,
біздер
бұлардағы ауруларды анықтауда және емдеуде қателіктер жіберілуі мүмкін. Мысалы,
гестациялық жасынан кіші (ГЖК) нәрестелерде кездесетін қозу және (немесе) құрысу
синдромын тек қана гипоксияның салдарынан болды деп тұжырым жасасақ, бірақ
гестациялық жасынан кіші (ГЖК) ЖТН-де жиі кездесетін және осындай синдромдар
пайда болғанда, алдын – алу үшін шұғыл шаралар қолдануды керек ететін, зат алмасудың
өзгерістерінен (гипогликемия, гипокальциемия)
туындайтын ОНЖ бұзылыстары
ескерілмей қалуы ықтимал.
Осы көрсетілген жіктемені негізге алсақ (дүние жүзінің барлық мемлекеттерінде осы
жіктеме пайдаланылады) жоғарыда тұжырымдалған диагноз былайша жазылады: шала
туған нәресте – 30 апта, ГЖК (немесе ГЖҮ, ГЖС).
Балалардың физикалық дамуына постнаталды кезеңде бағалау үшін
№ 60 кестеге
жүгінеміз.
60 КЕСТЕ
Достарыңызбен бөлісу: