қарамастан пульстің толуы аз, лабилді болып келеді. Жүрек соғу жиілігі минутына 120 -
160 рет. Өте терең жетілмегендерге эмбриокардия тән.
Аускультативті жүрек тондары салыстырмалы тұйықталған. Эмбрионалды
коммуника-цияның болуына байланысты неонаталдық кезіңде шу естілуі мүмкін.
Артериялық қысымы төмен болады: систолалық қысымы 50 - 80, диастолалық қысымы 20
- 30 мм с. б. Жүректің оң жақ бөлігіне көп күш түсуіне байланысты ЭКГ-да оңграмма
белгілері көрінуі мүмкін, «Р» тісшесінің биік болуы және вольтажының салыстырмалы
төмен болуы байқалады.
АІЖ-ң барлық бөлімінің толық жетілмеуі анықталады, асқазанның көлемі аз және
вертикалды орналасады. Асқазанның кардиальды бөлігінің бұлшықеттері салыстырмалы
әлсіз дамығандықтан, олар құсуға бейім келеді.
АІЖ-ң клегей қабаты нәзік, жұқа және зақымдануға бейім болады, қантамырларға
бай келеді. Асқазан сөлінің протеолитикалық белсенділігі төмен, панкреатикалық және
ішек ферменттері, өт қышқалдары жеткіліксіз өндіріледі. Осының барлығы тағамның
толық қоры-тылуына және сіңуіне кедергі болып, метеоризм мен дисбактериоздың
дамуына алып келеді.
Эндокриндік жүйе қызметінің ерекшелігі олардың жетілу дәрежесіне және
анасындағы эндокринді бұзылыстардың болуына байланысты. Бүйрекүсті бездерінің
жетілмеуі нәресте-лердің әлсіз болуына ықпал етеді. Қалқанша безінің резервті
мүмкіншіліктері салыстырмалы төмен, сондықтан оларда транзиторлы гипотиреоз болуы
мүмкін. Жыныс бездерінің белсенділігі төмен болуына байланысты, оларда жыныстық
криз өте сирек кездеседі.
Метаболикалық бейімделу процесстері баяу. Өмірінің 4–5 күндері оларда метаболи-
калық ацидоз, көбінесе гипогликемия, гипоксемия және гипербилирубинемия кездеседі.
Қышқылдық - негіздік жағдайы және электролиттік құрамының реттелуі нашар, су-
тұз алмасуы тұрақсыз (лабилді), сондықтан олар патологиялық жағдайларда ісінуге
бейімділігімен және жылдам сусыздану көріністерімен ерекшелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: