2. Орталық нерв жүйесі аурулары қалыптасу қаупі бар балалар тобы (2-ші
қауіпті топ),
қалыптастыруда, егерде әйелдер консультациясынан хабар түскеннен кейінгі
жүкті әйелге қатынауда төменгі қауіпті түрткілер анықталса, антенатальды кезеңде
басталады:
1. Анасының кәсіби зияндылықтары. 2. Анасының шежіресінде түсіктердің,
өлітуылудың, салмағы 2000 г-нан төмен балалардың туылуының, көпұрықты жүктіліктің
немесе ұзақ бедеуліктің болуы. 3. Анасының жасының 16 жастан төмен немесе 40 жастан
артық болуы. 4. Анасындағы экстрагенитальды патологиялар: гипертония, бүйрек
арулары, қант диабеті, гипертиореоз, жүрек-тамыр жүйесінің аурулары, токсоплазмоз,
нерв жүйесінің дегенеративті аурулары, санасының тоқырауы. 5. Ішімдікке салыну және
шылым шегу. 6. Түсіктер қауіпі болуы. 7. Жүктіліктің бірінші үшайлығында анасында
инфеуциялық аурулардың болуы. 8. Тар жамбас. 9. Жүктіліктің 1-2 жартысының
токсикозы. 10. Баланың жолдасының патологиясы. 11. Көпсулық. 12. Ұрық гипоксиясы.
13. Анасы мен баланың қанының сәйкес келмеуі.
Бұндай қауіпті түрткілер анықталса, мейірбике босануға дейін мейірбике мен
дәрігердің тиісті қатынауын және келесі шаралардың өкізілуін жоспарлайды:
1. Гипогалктияны болжау және алдын алу. 2. Аурудың даму қаупін болжау. 3. Тиімді
тамақтану. 4. Акушер-гинеколог пен терапевте бақылану. 5. 34-35 және 38-39 апталарда
гипоксияның алдын алу кешенін жүргізу.
Құрсақтан тыс кезеңде бұл топқа балаларды жатқызуға төменгі түрткілер
көмектеседі: 1. Созылмалы және тез босанулар, босану әрекетінің әлсіздігі. 2. Ұрық маңы
суының мерзімінен бұрын кетуі. 3. Босану кезінде әртүрлі акушерлік әдістер (акушерлік
қысқаштар, вакуум-экстрактор). 4. Кідіктің нәрестенің мойнына оралуы. 5. Плацентаның
мерзімінен ерте ажырауы. 6. Нәрестенің тұншығуы. 7. Шала туылған балалар. 8. Сору
және жұту актісінде ауытқулардың болуы. 9. Бұлшық гипотониясының байқалуы. 10.
Өтпелі қызба, құсу. 11. Шектен тыс ұйқышылдық немесе қозғыштық. 12. 5-тен артық
стигмалардың болуы. 13. Тұрақты сарғаю. 14. Үлкен ұрық. 15. Мерзімінен кеш туылу.
Туылған бала осы топқа жатқызылса мейірбике басқа мамандармен қоян-қолтық
жұмыс жоспарын жасайды: Тиісті мерзімдерде педиатрдың қарауы. Невролог – 1, 6, 8, 12
айларда. Офтальмолог, хирург, ЛОР – жасқа толғанда, ортопед – 1,4 айда қарайды.
Айсайын баланың психикалық-физикалық дамуын бағалау, басының мөлшерлерінің
өзгеруін, бас сүйегінің жіктерінің жағдайын бақылау жоспарланады. 3 айда және 1 жасқа
толғанда, жалпы қан, зәр анализі жасалады.
Бұл қауіпті топтағы балаларға мейірбике тағайындайтын алдын алу шараларының
жоспары төмендегідей болады:
1. Жартылай бос тамақтандыру, зорлап тамақтандырудан бас тарту. 2. Жүзумен
айналысу, массаж. 3. Бір айлығында 2 апта бойына глютамин қышқлын қабылдау – 0,5
шай қасығынан күніне 3 рет, 6 айлығында 30 күн бойына – 1 шай қасықтан күніне 3 рет
беріледі. 4. Қорғаушылық (сақтандырғыш) режим. 5. Бала емізетін ананың психотерапия-
сы. 6. Аэрофагиямен күрес. 7. Науқастанып қалған жағдайда гипертермиямен, гипоксия-
мен күрес. 8. Нервтік-бұлшықеттік қозу жоғарлағанда сілтілі сусын-газсызданған боржо-
ми суын (тәулігіне 1 кг салмағына – 1 шай қасық) ішу. 9. Құрысу синдромының алдын алу
үшін қырықбуыннан, жалбыздан, сасықшөптен, шүіншөптен жасалған жинақтарды ішеді.
Достарыңызбен бөлісу: |