Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет565/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   561   562   563   564   565   566   567   568   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Клиникалық көрінісі.
НГрА ерте түрі құрсақішілік кезеңде-ақ басталуы ықтимал,
әдетте нәрестеде туылған бойда ультрадыбысты тексеруде бассүйекішілік қан құйылулар,
кефалогематома, терілік геморрагиялар, кіндіктен қан кетулер анықталады. К витаминінің
жеткіліксіздігінің геморрагиялық синдромға бейімдуші түрткілерге ауыр асфиксия, туылу
жарақаттары жатады. Терілік геморрагиялық синдром әсіресе нәресте денесінің туылу
жолдарына жақын орналасқан жерлерде (бөксе, апаневроз астына), мониторлық бақылау
кезіндегі электродтар тағылған орындарында айқын болады.
НГрА ерте көрінісі болып өкпеден қан кету, іш қуысы ағзаларына (жиі әсіресе,
бауырға, талаққа, бүйрекүсті безіне) қан құйылулар, мелена болуы мүмкін.
Табиғи қоректенетін нәрестелерде ГрА классикалық көрінісі болып, мелена мен
қанды құсық саналады, сондай-ақ терілік геморрагиялар (экхимоздар, петехиялар), кіндік
бауының қалдығы түскен орнынан, немесе ұл нәрестелерді сүндеттегеннен кейін
күпектен, мұрыннан қан кетушілікпен, кефалогематомамен, апаневроз астына қан
құйылулармен білінуі ықтимал. Ауыр гипоксиясы, туылу жарақаттары бар нәрестелерде К
витаминінің жеткіліксіздігі бассүйекішілік қан құйылулармен, сонымен қатар ішкі
гематомалар немесе өкпеден және басқада қан кетулермен айқындалады.
Мелена – ішектен қан кету, әдетте жаялық бетіндегі айналасында қызғылт жиегі бар
нәжіс байқалады. Мелена байқалатын нәрестелерде, ішекте эритроциттардың шамадан
тыс ыдырауына байланысты гипербилирубинемия өрбуі ықтимал. Кейде мелена қанды
құсықпен қатар (бірге) білінеді. Меленаның себебі болып – 12-елі ішек пен қарынның
кілегей қабатында, қарын мен ішектің ишемиясы және туылу стресінің нәтижесінде
нәрестедегі глюкокортикоидтардың шамадан тыс бөлінуінің салдарынан пайда болатын,
кішкентай жара-лардан қан кету саналады. Мелена мен қанды құсықтың пайда болуына,
қарын сөлінісінің жоғарғы қышқылдылығы, рефлюкс және пептикалық эзофагит өзіндік
себебін тигізеді. 
Өмірінің алғашқы күндерінде нәрестелерде кездесетін меленаны, нәрестелердің 1/3
кездесетін «жұтқан қан синдромынан» ажырату керек. Ол үшін әдетте Апта сынамасын
жүргізеді: қанды құсықты немесе нәжісті суға араластырып, құрамында гемоглобин бар
қызғылт ертінді жасап, центрифугадан өткізгеннен кейін, тұнбаның үстіндегі 4 мл
сұйықты 1 мл 1% натрийдың тотыққан гидраты ертіндісімен араластырады да 2 минуттан
кейін бағалайды. Егерде сұйықтың түсі қоңырға боялса, онда гемоглобин А-ның, яғни
анасының қанының, ал егер сұйықтың түсі қызғылт түсін жоғалтпаса нәресте
гемоглобинінің (сілтілі-резистентті HbF), яғни меленаның бар екендігін аңғартады.
Өте көп көлемде немесе қайталамалы меленада, тік ішектен қан кетумен білінетін
аноректалды жарақатты, папиломаны, ішек ангиоматозын және басқада хирургиялық
ауруларды жоққа шығару керек.
Кеш НГрА-ны әкеліп соқтратын түрткілерге майлардың сіңірілуінің бұзылыстарымен
жүретін диарея, өт шығарушы жолдардың атрезиясы, гепатит және басқада холестазбен
білінетін сарғаюлар, ұйқы безінің кистофиброзы, кең әсерлі антибиотиктермен емдеу, α
1

антитрипсиннің жетіспеушілігі, целиакия жатады.
НГрА кеш түрінің клиникалық көрінісі бассүйекішілік қан құйылулармен, көлемді
тері экхимоздарымен, мелена, шаншулардың орнынан қан кетулермен айқындалады.
Жалпы К витаминінің тапшылығында геморрагиялық көріністердің пайда болу қаупі, үш
және одан да көп, әсіресе тромбоциттардың агрегациялық қасиетінің ингибиторлары
болып саналатын дәрі-дәрмектерді пайдалану, яғни полипрагмазияда кездеседі.
357


Аурудың диагнозы анамнез мәлметтері жиынтығының (ЖТН ГрА-ның қауіпті
түрткілері болғанда), зертханалық тексерулердің нәтижелерімен нақтыланған клиникалық
көрністердің негізінде қойылады. Жалпы геморрагиялық синдром неонаталдық кезеңде
және бір жасқа дейінгі шақта көптеген аурулардың басты симптомдары болуы мүкін,
сондықтан ЖТН ГрА басқа да аурулардан ажырату керек. Осыған байланысты тәжірибеде
ЖТН ГрА-ның нақты анықтауға өзіндік себебін тигізетін нәрестелер арасындағы жиі
геморрагиялық синдроммен өтетін аурулардың зертханалық көрсеткіштері
№ 62 кестеде
көрсетілген.
62 КЕСТЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   561   562   563   564   565   566   567   568   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет