Алдын алу. Туылғаннан кейін тез арада бұлшықетке К витаминін енгізу ЖТН ГрА-
дың алдын алудың тиімді тәсілі болып саналады. Витамин К
1
шала туылғандарға 0,5 мг, ал
күні жетіп туылғандарға 1 мг мөлшерде енгізіледі.
Осы тұрғыдан енгізілетін викасол дәрісінің мөлшері 1 мг/кг/салмақа есептеліп
тағайындалады. Жалпы L. Luchtman-Lones және қаламгерлері (2002 ж) табиғи
қоректенетін барлық ЖТН-ге апта сайын витамин К 1мг мөлшерде беруді, олардағы
мүмкін болатын кеш ГрА-дың алдын алудың нәтижелі тәсілі деп есептейді. Осындай түрде
алдын алуды, яғни витамин К-ны ауыз арқылы беруді, сондай-ақ парентералды
қоректенуде жатырған, ұзақ уақыт антибиотиктермен емделгендерге және мальабсор-
бцияның белгілері бар нәрестелерде жүргізу қажет. Дейтұрғанмен аталған нәрестелерге
бұлшықетке аз мөлшерде 5-7 күнде бір рет, яғни 1-2 мг викасол енгізген тиімді.