планцентарлық кедергінің бұзылуы болғандықтан, НГА бірінші жүктіліктің өзінде де
дамуы мүмкін.
- Rh- – қайшылық, Rh- – анада Rh+ – ұрық болғанда байқалады.
- АВО- –қайшылық анада 0 (1) қан тобы, ал ұрықта А(ІІ) немесе В(ІІІ) қан тобы
анықталғанда, байқалады. Дегенмен, жиірек анасында 0 (І) топ, ал ұрықта А(ІІ) топ
болғанда, кездеседі.
Әдеттегі жағдайда эритроциттердің бұзылуынан пайда болған бос (байланыспаған,
тіке емес, уытты) билирубин бауырда байланысқан (тіке, уытты емес) билирубинге
айналып, ішек немесе бүйрек арқылы шығарылады. Егер эритроциттердің бұзылу
жылдамдығы бауырдың улы билирубинді залалсыздандыру мүмкіндігінен асып кетсе, қан
құрамында билирубин жинақталып, баланың терісі сарғаяды. Тіке емес билирубин
нейротоксикалық у болып келеді, сондықтан оның көрсеткіші шектен тыс болғанда,
гематоэнцефаликалық кедергіден өтіп, мидың қыртыс асты ядролары мен қыртысын
зақымдайды да, ядролық сарғаю дамиды.
Дегенмен, қан сарысуындағы тіке емес билирубин мөлшері мен ядролық сарғаюдың
арасында тіке байланыс анықталмайды және бұнда Байланыспаған билирубиннің (ББ)
нейротоксикалық қаупі түрткілері маңызыды болып келеді:
1. Гематоэнцефалиялық кедергінің өткізгіштігінің артуы;
2. ББ-нің токсикалық әсеріне нейрондардың сезімталдығының артуы: шала туылу, ауыр
асфиксия, гипотермия, ашғу, анемия, гипогликемия.
3. Альбуминнің ББ-ні тұрақты байланыстыру қабылетінің төмендеуі.
Достарыңызбен бөлісу: