табылады.
Барлық ЖТН-ге:
1. анасының қаны Rh факторы теріс болса, кіндік қанында қан тобын,
Rh факторды,
Кумбс сынамасын билирубин деңгейін анықтау керек.
2. Кіндік қанында билирубин деңгейі 43 мкмоль/л болса 5-6 сағаттан кейін билирубин
деңгейін қайта анықтау қажет (яғни оның сағат сайын өсуін).
3. Өмірінің алғашқы тәулігінде сарғаюдың пайда болуы немесе оның айқын, тез өсуі ана-
сы мен баланың қан сәйкестігін зерттеуді, балаға ЖҚА жүргізілуі, қандағы билирубин
деңгейінің анықталуы талап етіледі.
4. Бала өмірінің алғашқы сағатында қанды алмастырып құюға абсолютті көрсетілім
ЖГА-ның клиникалық белгілері мен кіндік қанында билирубин деңгейінің 51 мкмоль/л
жоғары болуы.
5. Әр уақытта қанды алмастырып құюға абсолютті көрсетілімдер болып, билирубинді
энцефалопатияның алғашқы белгілерінің пайда болуы саналады.
6. Өмірінің алғашқы тәулігінде сарғаюдың пайда болуы және оның қарқынды өсуі
билирубиннің сағаттық өсуі 9,0 мкмоль/л-ден жоғары болуы.
7. Қанды алмастырып құюды сарғаюдың кеш пайда болуына қарамастан, егер өмірінің 2-
3 тәулігінде билирубин деңгейі қауыпты деңгейге жетсе қолдану керек.
Күні жетіп туған балаларға арналған билирубиннің қауыпты деңгейі.
Кіндік қанында – 60 мкмоль/л
Өмірінің 24 сағатында – 150 мкмоль/л
Өмірінің 48 сағатында – 240 (Rh үйлесімсіздікте)
– 270 (АВО- үйлесімсіздікте)
Өмірінің 4 күні – 265 мкмоль /л (Rh- үйлесімсіздікте)
– 300 мкмоль/л (АВО- үйлесімсіздікте)
Билирубинді энцефалопатияның пайда болуына түрткі
болатын оның қауіпті
деңгейлері:
Күні жетіп туғандар – 307-340 мкмоль/л
ШТН – 171-255 мкмоль/л.
Қанды қайта құюға көрсетілімдер:
1.
Гемолитикал
ық аурудың клиникалық белгілерінің өршуі.
2.
Билирубинні
ң сағат сайын өсуі 9,0 мкмоль/л-ден жоғары болса.
3.
Альбуминді
байланыстырудың төмен қабілеттілігі (80% төмен, қалыпты жағдайда 100%).
4. Анемияның күшеюі.
-
ҚАҚ-мен байланысты асқынуларды болдыртпау үшін ЖГА емдеуге арналған
жаңа нәтижелі әдіс гемосорбция болып табылады;
-
ЖГА емдеу кешенде болу керек.
Алғашқыда нәресте, донор сүтімен қоректену керек, ал 10-12 күннен кейін нәрестеге
емшек беру қажет (антидене титріне сәйкес).
Достарыңызбен бөлісу: