Фототерапия – қазіргі кезде жиі қолданылатын тиімді және
қауіпсіз консервативті
ем болып келеді. Әдетте көгілдір жарық көзі (толқын ұзындығы 450 нм) бала денесінен
45- 50см жоғары орналасады. Мерзімі жетіп туған нәрестелерде фототерапия ББ мөлшері
бірінші тәуеліктің соңында 145 мкмоль\л және одан жоғары болғанда, одан әрі 205
мкмоль\л және жоғары болғанда, шала туылған нәрестелерде ББ -171 мкмоль\л және одан
жоғары болғанда жүргізіледі. Өте төмен салмақпен туылған нәрестелерге фототерапия қан
сарысуындағы ББ мөлшері 100 мкмоль\л және одан жоғары болғанда қолданылады.
Мүмкіндігінше фототерапияны алғашқы 24-48 сағатта бастаған жөн. Әдетте оны үздіксіз
жүргізеді. Фототерапия жүргізу кезінде нәрестенің көзін және жыныс мүшелерін қорғаныс
байламасымен жауып қою керек.
363