Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Аллергиялық аурулар қалыптасуға қауіпті балалар тобы (6-ші қауіпті топ)



Pdf көрінісі
бет561/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   557   558   559   560   561   562   563   564   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

6.
Аллергиялық аурулар қалыптасуға қауіпті балалар тобы (6-ші қауіпті топ). 
Антенатальды
кезеңде қауіпті түрткілер: 1. Қиын акушерлік шежіре. 2. Анасында
жүктілік кезінде жедел инфекциялық аурулардың және созылмалы қабынулы аурулардың
өршуінің жиі байқалуы. 3. Анасының жүкті кезінде антибиотиктер, сульфаниламидтер
қабылдауы, қан және оның препаратарының құйылуы. 4. Қайталап, көп рет жүктілікті үзу.
354


5. Жүктіліктің асқынуларының болуы (токсикоз, үзілу қаупі). 6. Жүкті әйелдің аблигатты
аллергендерді көп қолдануы. 7. Жүкті әйелдің кәсіби залалдарының болуы. 
Жоспарланатын мейірбикенің қатынасуы 2-рет (есепке алынғанда, сосын 32 аптада).
Антенатальды кезеңде мейірбике жүргізетін шаралар ішінде ерекше анықталатындары: 1.
Гипогалактияны болжау. 2. Туа біткен арулардың қаупін болжау. 3. Жүкті әйелдің күн
тәртібі, шынығуы, дене тәрбиесі бойынша ұсыныстар. 4. Облигатты аллергендерді жоюға,
отбасы аллергендерді элиминациялауға бағышталған
 
тамақтану бойынша ұсыныстар.
Постнатальды кезеңде тек 2 қауіпті түрткіні бөліп көрсетеді: 1. Сәбидің тамақтануын
дұрыс ұйымдастырмау. 2. Антибиотиктерді және сульфаниламидтерді жиі қолдану.
Бұл қауіпті топ балаларымен жұмысты 3-жасқа толғанша жоспарлайды. Бірлесіп
жұмыс жасауға келесі мамандар кірістіріледі: педиатр – бір жасқа дейін айына бір рет,
жастан асқасын – 3 айда 1 рет, ЛОР – жылына 1-2 рет, қажет болса – жиірек, стоматолог –
жылына 1 рет, иммунолог – 3 айда 1 рет. Жыл аяғында келесі мамандардың қарауы
жоспарланады: хирург, ЛОР, невролог, окулист. 3 жаста – хирург, ЛОР, окулист қарайды.
Қажет болса, аллерголог қарайды. Тексеру жоспарында 3 және 12 айда, эозинофилинды
анықтау үшін жалпы қан анализі жасалады. Бір жаста жалпы зәр және нәжіс анализдері
жүргізіледі.
Бұл топпен мейірбике алдын алу шаралары жоспары қарастырады:
1. Гипогалактияның алдын алу. 2. Анасы мен баланың тағам құрамынан
аллергендерді алып тастау. 3. Инфекция ошақтарын мерзімінде тазалау. 4. Массаж,
гимнастика, ертеңгі шынықтыру. 5. Ауырғанда, мүмкіндігінше дәрілер қолданбай,
физиотерапиямен, фитотерапиямен емдеуге тырыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   557   558   559   560   561   562   563   564   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет