Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ЦИТОМЕГАЛОВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯ



Pdf көрінісі
бет596/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

2.4.7.2.3. ЦИТОМЕГАЛОВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯ
Цитомегаловирустық инфекция
(ЦМФИ)
көп таралған ауру түрі.
Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша қандағы ЦМВ қарсы денелері әлемнің түрлі
аймағында 40-100% шамасында кездеседі. Педиатриядағы бұл мәселенің қиындығы
тұрғындардың ЦМВ-ты көп мөлшерде жұқтыруы мен оның ауыр формаларының дамуы
қаупіне байланысты. ЦМВ инфекциясы қоғамның-экономикалық жағдайы төмен дамушы
елдерде өте көп деңгейде кездеседі.
Этиологиясы.
 
ЦМВИ қоздырғышы – Cytomegalobirus hominis – ол herpes viridae
тобының құрамында болатын ДНК сақтаушы вирус. ЦМК клеткалары – ірі (40-100мл
диаметрлі), ядросы ортасында орналасқан. Клетка ядросын жарқын дөңгелек (үкі көзіне
ұқсас) қоршап тұрады. Ядро құрамында эозинофильдік қоспалары бар.
Эпидемиологиясы. 
Ауру көзі ЦМВИ-тің манифестік немесе белгісіз түрімен ауыра-
тын ауру адам. Бала көтеретін жастағы әйелдер арасындағы жұқтыру кейбір аймақтарда
90%-ке дейін жетеді. Туа болған ЦМВИ 2,5% жағдайда кездеседі. Құрсақ ішілік
жұқтырушысы көбіне анасы болып табылады. Ұрық антенатальды дамудың кез келген
кезінде жұғуы мүмкін. Пренатальды жұқтыру ЦМВИ трансплацентарлық түрде беріледі.
Интранатальды жұқтыру қоздырғыш қағанақ суымен аспирациясы арқылы организмге
енеді. Құрсақ ішілік ЦМВИ қаупінің көзі – жұқтыру мен аурудың ауыр түрлерінің дамуы
жүкті әйелдің ЦМВИ-мен алғаш ауруы кезінде байқалады. Жүктілік кезінде екінші рет
жұқтыру болған кезде ұрыққа жұғу қаупі төмен болады. Жүкті әйел ЦМВИ-мен бірінші
рет ауырғанда, немесе жүктілікке дейін ЦМВИ-ға тиімді иммунитет түзіледі. Сондықтан
жүктілік кезінде анасының бойындағы арнайы иммунитет факторлары ұрыққа
жұқтырудың алдын-алады, ал туа болған ЦМВИ-мен туған нәресте қоршаған адамдарға
қауіпті болуы мүмкін және оны күтуге серонегативті әйелдер жіберілмеуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет