2.4.7.2.4. МИКОПЛАЗМАЛЫ ИНФЕКЦИЯ
Құрсақ ішілік инфекциялануда
бронхоөкпелік және зәр шығару жүйесінің мейлін-
ше айқын зақымдалуымен және генерализация процессі болуымен байқалатын ауру
.
Этиологиясы.
Ауру микоплазмамен шақырылады. Микоплазма ДНК және РНК-лы
вирус және бактерияаралық жағдайда болатын қалыптағы микроорганизмдер. Олар
микроорганизмнің: клетка қабырғасы жоқ, тек үш қабатты липопротеинді мембранадан
тұратын ерекше топтан. Олардың сыртқы және ішкі қабаты-электро тығыз, ал орта
қабаты-электромөлдір. Клеткалық қабырғасының жоқтығы микоплазманың полиморфты-
ғымен түсіндіріледі, олардың морфологиялық пішіні: тармақты, тізбекті, шар тәрізді және
ұсақ репродуциялық элементінің мөлшері 100-450 нм. Соңғы кездегі жіктеліске сай бар
микоплазмалар бір тұқымдастыққа біріккен - Mycoplasmaecae. Микоплазманың 40-тан
астам түрі бар, адамға патогенді: М.hominis, M.pneumonie, Т-микоплазма болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |