3) құрсақ ішілік пневмония;
4) тыныс бұзылу
синдромы,
5) гастроэнтеропатия;
6) коньюктивит.
ОНЖ зақымдалу симптомдары – аурудың ең алғашқы белгілері болып табылады.
Мазасыздық және реактивтілік, ұйқы бұзылысы, бұлшық ет тонусының төмендеуі, физио-
логиялық рефлекстердің төмендеуі, аяқ-қол треморы байқалады. Жергілікті цианоз, тері
түсінің ”мраморлығы”ұзақ сақталады. Соңғы кездері жүргізілген терапияға қарамастан
ОНЖ функциональды жағдайы тұрақты болып табылады, ал кей жағдайда неврологиялық
симптомдар артуы мүмкін.
Жүрек тамыр жүйесі жағынан болатын өзгерістер ерте (өмірінің алғашқы 3-4 күні)
пайда болады және ол өкпедегі гемодинамиканың бұзылысы жайлы мағлұмат береді.
Жүрек тондарының тұйықталуы, 1-ші тонының тұйықталуы немесе систолалық шу пайда
болады.
ЭКГ-де жүректің оң жақ бөлігіне салмақ түсу белгілері, ал кеуде қуысының
рентгенограммасында өкпе түбіріндгі қан тамыр суретінің күшеюі, ”ылғалды өкпе”,
өкпенің желденуі, жүрек мөлшерінің оң жақ бөлігінің ұлғаюы (шар тәрізді) байқалады.
Эхографикалық тексеріс гемодинамиканың бұзылыстарын анықтайды. Сол жақ қан тамыр
айналымында қысымның көбеюі, ал кей балаларда – эндокард пен жүрек аппаратының
қақпақшаларының жағдайының өзгеру белгілері, тесігінің, митральды және
трикуспидальды қақпақшалардың акустикалық тығыздығы жоғарылауы анықталады.
Алғашқы 1-ші аптада көптеген хламидиямен инфицияланған күні жетіп туған нәрес-
телерде тыныс бұзылу белгілері болмайды немесе әлсіз байқалады. Мұрынмен тыныс алу
қиындаған,ентігу айқын емес және тыныс алу шуы әлсіреген болып келеді. Құрсақ маңы
суымен аспирацияланған және шала туған нәрестелерде тыныс бұзылысы бірінші орынға
шығады. Ентігу, тыныс алуда қосымша бұлшық еттердің қатысуы, өкпеде ұсақ көпіршікті
сырыл байқалады. Өкпедегі қабыну инфильтрациясы 60% жағдайда 1-ші аптаның соңын-
да білінеді. Қалғандарында – 2-3ші аптаның соңында байқалады. Терең жетілмеген шала
туған нәрестелерде (салмағы 1500г-нан төмен) ауру тыныс бұзылу синдромы түрінде
жүреді.
Асқазан-ішек жолдары хламидиямен зақымдалғанда құсу, лоқсу, іштің кебуі байқа-
лады, нәжісі қалыпты, пысынау белгілері ерте пайда болады. Бауыр мен талақ мөлшерінің
ұлғаюы әр 3-ші балада анықталады. Айқын сарғаю көптеген құрсақ ішілік инфекцияға
тән симптом болып табылады, көбіне шала туған нәрестелерде пайда байқалады.
Ерте неонатальды кезеңде коньюктивит 60-70% нәрестелерде байқалады. Ауру
белгісі өмірінің 3-15 күндері, алғашында көзден жас ағумен, коньюктиваның қызаруымен,
ісінуімен, сонан соң іріңді бөлінулер пайда болуымен және көздің қабыну реакциясының
383
күшеюімен білінуі мүмкін. Хламидиялық коньюктивитке тән фолликулалар кеш , 1-ші
айдың соңы, 2-ші айдың соңында пайда болуы ықтимал.