Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Емі. Нәрестеде C.trachomatis анықталған жағдайда аурудың клиникалық көріністері болмаған жағдайда да емдеу комплексті жүргізіледі



Pdf көрінісі
бет608/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   604   605   606   607   608   609   610   611   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Емі.
Нәрестеде C.trachomatis анықталған жағдайда аурудың клиникалық көріністері
болмаған жағдайда да емдеу комплексті жүргізіледі.
 
Этиотропты терапия макролид клас-
сындағы антибиотик тағайындаумен басталады. Осы кезге дейін ХИ емдеу үшін эритро-
мицин пайдаланады.
 
Эритромицинді
40мг/кг салмағына есептейді, 21 күнде клиникалық
жақсы нәтиже береді. Дегенмен де, өмірінің бірінші жылында хламидий персистенциясы
55 % жағдайда күні жетіп туған нәрестелерде, 75% шала туған нәрестелерде сақталады.
Сумомедті
10мг/кг/салмағына алғашқы тәуліктерде қолданған жағдайда, ал содан соң
5мг/кг салмағына 4-7 күн қолданған жағдайда клинкалық жағдайының қалыптасуы және
организмнен қоздырғыштың толық элиминациялану байқалады. 
Клацид
(кларитромицин),
сумомедке ұқсас, организнің тіндеріне кіреді, сонымен бірге тіндерде оның концентрация-
сы плазмаға қарағанда жоғары, препарат тек қана хламидияға әсер етіп қана қоймай,
микоплазма, стрептококк, стафилакоккқа да белсенді әсер етеді.
Препаратты тамырға, бұлшық етке енгізуге болады, сонымен бірге балаларға
суспензиясын 10мг/кг/тәу 14 күн ішінде 2 бөліп ішкізуге кеңес беріледі.
Антибиотиктерді иммуноглобулиндермен, витаминдермен (А,С,Е), глютамин
қышқылымен, интерферонмен, бифидумбактеринмен қосарлап тағайындайды. Нәрестенің
клиникалық жағдайына байланысты оксигенотерапия, дегидратация және басқа да
симптоматикалық препататтар қолданады.
Ж.Т.Н. емдеу тиімділігін 6 айлығында микробиологиялық тексеріс нәтижесі бойын-
ша бағалайды. Персистенцияланған хламидий анықтаған жағдайда балаға антибиотикті
курсын қайталайды. Сонымен бірге анасында, әкесінде ХИ анықталған жағдайда кешенді
этиотропты ем тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   604   605   606   607   608   609   610   611   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет