Қазіргі кезде пириметаминнің (тиндурин, дараприм, хлоридин) және сульфадимезин-
нің комбинациясы қолданылады. Бұл препараттар паразиттердің синтезінде қатысатын
фоль қышқылы ферментінінің (редуктаза және синтетаза) функциясын тежейді.
Хлоридиннің тәуліктік мөлшері 1мг/кг 25 мг-нан жоғары емес (2-рет) тамақтан соң,
1ай бойы қолданылады. Алғашқы 2-3 күнде хлоридинді қанығу мөлшерінде 2мг/кг/тәулі-
гіне күніне 2 рет береді. Бірақ, мөлшері тәулігіне 25 мг-нан аспауы керек.
Сульфадемизин 150мг/кг салмағына күніне 3-4 рет, бір ай бойы тағайындалады,
тәулігіне 4 г-нан аспауы керек.
Препараттарды циклмен қолдану кестесі қолайлы болып табылады: 5 күн тиндурин,
7 күн сульфаниламид – 3 цикл бойы 7-14 күн үзіліс жасап отырады. Бұл терапияны көр-
сетпе болған кезде (созылмалы түрінде, иммунды жетіспеушілік жағдайда, хориоретинит
асқынуы кезінде) 1-2 айдан кейін қайта тағайындауға болады.
Құрамында 500мг сульфатоксин және 25 мг пириметамин бар комбинацияланған
препараттар: фансидар, метакельфин қоладнылады. Балалар үшін есептеу мөлшері 1 мг/кг/
тәулігіне (пириметамин бойынша).
Қан жасалу мүшелері жағынан реакцияның алдын-алу мақсатында ауруда фоль қыш-
қылының жетіспеушілігін толықтыру мақсатында және нуклеин қышқылы биосинтезін
қалыптастыру үшін 5-10 мг/кг/тәулігіне ішуге, немесе парентеральды жолмен, аптасына 5
мг мөлшерде 2 рет фоль қышқылы беріледі. Лейковорин (кальциумфолинат, АКШ)
препаратын 1-5мг мөлшерде 3 күнде 1 рет тағайындайды.
Тиімділігі жөнінен 2 орында макролидтер тұрады. Ол қоздырғыш рибосомасындағы
белок синтезін тежейді, клетка ішілік паразитке әсері бар және токсикалығы төмен.
Спирамицин 150000-300000 бірлік/кг/тәуліігіне 2 бөліп, 10 күн ішінде тағайындайды.
Рокситромиицин (рулид) 5-8 мг/кг тәулігіне 7-10 күн ішінде тағайындайды.
Аурудың прогрессивтілігін төмендету үшін құрсақ ішінде зақымдалған нәресте
алдын-алу, емін қабылдауы қажет. Токсоплазмоз симптомдары жоқ болған кезде емді
инфекцияның ақырын тежеу мақастында қолданады. IgG антиденесі жоғары және аурудың
белгілері жоқ болғанда ерте неонатальды кезеңде баланың қандағы антидене деңгейін
тексеріп, аурудың белгілерінің пайда болуын (хориоретинит және дамудың қалыс қалуы)
бақылау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: