Сепсис патогенезінің маңызды ролі А.Ф. Билибин бойынша ауыр инфекциялық
процесс фонында дамитын науқастың эндогенді аутофлорасының «патологиялық»,
негізінен ішек микрофлорасының, пролиферациясы болып келеді.
Сепсис патогенді флорамен шақырылған, кез келген жерде орналасатын инфекция-
лық ауру түрінде қарау керек деп ұсынылған, оның патогенезінің негізінде инфекиялық
қабыну ошағына қарсы жауап ретінде жүйелі қабыну реакциясы синдромының дамуы
жатады деп есептелінеді.
Келістіру конференциясының ұсынысы бойынша организмнің инфекцияның, ауыр
жарақаттың, күйіктердің, жедел деструктивті панкреатиттің және тіндерді зақымдайтын
басқа ауыр факторлардың әсерінен дамыған қабынуға қарсы ауыр реакциясын қабынуға
қарсы жүйелі жауап (реакция) синдромы деп атау ұсынылған (Systemic intlammalore
Respons Sendrome – SIRS). Бұл синдромды «жүйелі қабыну» түрінде қабылдамау керек.
Жалпы патологияда мұндай түсінік жоқ.
Қабынуға қарсы әсер соңғысының ауырлығына байланысты жергілікті немесе жүйелі
және белгілі бір жүйелер мен мүшелер функциясының бұзылуымен сипатталатын жалпы
әсерге бөлінеді. Қалыпты жағдайларда арнайы емес шынайы иммунды механизмдер ин-
фекциядан тиісті (адекватты) жергілікті қорғанысты қамтамасыз етеді, қабынуды шектей-
ді, қабыну медиаторларының артық өнуін шектейді, қабынуға қарсы жауап ретіне өмірге
маңызды мүшелердің ауыр жалпы (жүйелі) реакциясының дамуына кедергі жасайды.
Шынайы қорғаныс механизмдері:
1. Қабынуға қарсы жауап ретінде организмдегі гемодинамикалық және метаболикалық
бұзылыстарды, жарақатты, организмде өмір сүруге қабілеті жоқ тіндердің болуын
реттейтін ОНЖ, симпатикалық және нейроэндокриндік жүйелердің реакциясы.
2. Шынайы арнамалы емес иммунды реакциялар, оларға хемотаксис, опсонизация,
фагоцитоз, комплемент белсенділігі, иммуноглобулиндер, гистамин, серотонин,
простагландиндер және тағы басқаларының өнімдері жатады.
3. Жасушалардың өндірілетін қабыну медиаторлары (цитокиндер), молекулярлық
биология мен молекулярлық генетиканың жетістіктеріне байланысты салыстырмалы
жақында ашылған клеткалар.
Цитокин жүйесі басқа клеткаларға әсерімен біріккен 5 класстан тұрады.
1) Интерлейкиндер:
а) проқабынулы (ИЛ1) интерлейкиндер
б) антиқабынулы (ИЛ 4, 10,11,13, ИЛ-ра және т.б.) интерлейкиндер
2) Ісік некрозының факторы (ІНФ);
3) Лимфоциттер жіктеліуі мен өсу факторы;
4) Макрофагтар мен гранулоциттер колониясының өсуін тұрақтандыратын фактор;
5) Мезенхималы клеткалардың өсуін шақыратын фактор;
Цитокиндердің өндірілуі организмнің жағдайына байланысты. Қалыпты жағдайда
олардың секрециясы өте аз, олар өздері өндірген клеткалардың өзара әсерлесуін және
басқа қабыну медиаторларымен әсерлесуін қамтамасыз етуге арналған. Оларды өндіретін
қабыну кезінде олардың саны тез өседі.
Цитокиндер өндіретін клеткалардың шектен тыс белсенділігі интерлейкиннің және
қабынудың басқа медиаторларының шектен тыс бөлінуіне алып келуі мүмкін. Осыған
байланысты организмнің қабынуға қарсы реакциясы (жауап жүйелі мәнге ие болады)
қабынуға қарсы жүйелі жауап (реакция ) синдромы дамиды. Бұл цитокиндер өнімі.
65 КЕСТЕ.
Достарыңызбен бөлісу: