Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет671/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   667   668   669   670   671   672   673   674   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Емі.
 
Гипостатураның емі дистрофияның себебін (біріншілік ауруды) жоюға
бағышталады, емдәм қағидалары ІІ-дәрежелі гипотрофиядағы сықылды болып келеді.
Алдын-алу
 
гипотрофияның ауыр түрлерінің алдын алу шараларынан, ауыр сомати-
калық және нейроэндокриндік аурулардың алдын алу және оларды қалыптастырудан
тұрады.
5.3. ПАРАТРОФИЯЛАР
Паратрофия
– 
дене салмағының жетіспеушілігі болмайтын, заттек алмасуының
ауытқулары байқалатын торланудың созылмалы бұзылыстары
. Паратрофияның бірнеше
варианттары бар: дене салмағы мен ұзындығы қалыпты паратрофия, жасқа сәйкес
көрсеткіштерінің пропорциональды артуы байқалатын партрофия, дене салмағы шектен
тыс артық паратрофия. Қазіргі кезде торланудың созылмалы бұзылыстарының кең тараған
түрі болып есептеледі.
Этиологиясы
.
Паратрофияның дамуына лимфатикалық-гипопластикалық және
экссудативті-катаральды диатездер себепкер. Паратрофияға жиі инфекциялық аурулармен
423


сырқаттану, анемия бейімдейді. Анасы жүкті кезінде жанжақты тамақтанбай, тағамдық
жүктеме шектен тыс болса, кейбір метаболизмнің бұзылыстарында (мысалы қант
диабетінде) паратрофия пренатальды кезеңде қалыптасуы мүмкін. 
Паратрофияның дамуының негiзгi себебi – негізгі тағамдық ингредиенттердің
тиімді тепе-теңдігін сақтап, дұрыс тамақтанбауда болып келеді:

тағам құрамында көмірсулардың шектен тыс болуы (бейімделген қоспалар
дайында-ғанда, ұнтақтың мөлшерін тиісті көлемнен артық алу, күніне ботқа
күйінде бірнеше қосымша тамақ беру, банандарды, печеньені көп беру, тәтті
шырындарды, шәйді көп беру);

ақуыздарды шектен тыс қолдану (тағам құрамында сиыр сүтінің, сүзбенің,
белоктық энпиттің және т.б. көп болу);

күтім кемшіліктеріне байланысты (массаждың, гимнастиканың, таза ауада
қыдырудың болмауы).
Анасынан көп мөлшерде емiлетiн суттiң әсерi тiкелей дәлелденбеген. 
Патогенезі.
Көмiрсу және белоктармен артық қореқтендiру iшек дисфункциясына,
онын кейбiр ферменттер жүйесiнің тежелуіне (дисферментемия), дисбактериоз,
бактериалдық флоранын iшектiң жоғарғы бөлiктерiн көтерілуіне, анемия, эндогендiк
улануға, ацидоз, гиповитаминоз(дар) мен жиi инфекцияларға әкеледі; 

ақуыз, көмірсулар (липогенез және анаболикалық әсерімен гиперинсулизм),
витаминдер, су-тұз алмасуы бұзылады;

инфекцияға қарсылығы төмендеп, жиі инфекциялық аурулурмен ауырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   667   668   669   670   671   672   673   674   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет