жағдайының ауырлығы тыныс жетіспеушілігіне байланысты болады, кейде ұстамалы
апноэ немесе толықсу байқалады.
Обструктивті бронхит пен бронхиолит көбіне РС вирусты, парагриппозды және
жұқпалы ауруларда пайда болады, олардың ерекшелігі бронх ағашының онша терең
зақымдалмауы болып есептелінеді.
Бронхиолиттің патофизиологиялық механизмінің дамуы обструктивті синдромға
байланысты. Бронхтардың қабырғалары ісініп, инфильтрация болған жағдайда олар
қалындайды, ұсақ бронхтар мен бронхиолдардың қуысы тарылады, сонымен қатар,
эпителий өзгеріп, шырындар мен клеткалық детриттер жиналған кезде де, дәл осындай
жағдайлар байқалалады. Ұсақ бронхтардың қуысының тарылуынан, тыныс алуға қапыл
қарсылық күшейеді.
Өкпенің әртүрлі бөлігіндегі обструкцияның болмауы, ауаның бір қалыпты жайылуын
қиындатып, өзгертеді де, тыныс жетіспеушілігін одан әрі күшейтіп жібереді. Обструкция
дәрежесі өскен сайын, гипоксия да күшейіп, гиперкапния қосылады. Гиперкапния 1
минуттағы тыныс саны 60-тан артқан кезде ғана анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: