протеолитикалық ферменттер (трипсин, химотрипсин) қосылған аэрозольды қолдану
керек. Ферментті аэрозольдер тәулігіне 1-2 рет қолданылады.
Мукосальвин сияқты
муколитиктен 5мл-ден, бронхолитиктерден – эуфиллин, адреналин қосылған қоспамен
булы демалдыруға болады.
Бронхиолитте үнемі оң қысымның күшімен дербес демалдыру әдісі кеңінен
қолданылады (УОКДД-СДППД): тыныс жолында сынап бағанасы бойынша 4-12мм
шамасында, үнемі артық қысым микроателектаздырдың жайылып, өкпенің функциялық
қалдықтық сиымдылығының көбеюіне «ауа айналу: қан айналу»
қарым-қатынасының
қалыптасуына, альвеолардағы тін аралық ісіну мен экссудацияның азаюына, сурфактант-
тың көбеюіне ықпал етеді. УОКДД полиэтиленді қаптардың көмегімен жасалады.
Эуфиллинді бұлшық етке, венаға және ішуге, мезгіліне 1кг дене салмағына 10 мг-
нан, 6-8 сағат сайын тағайындалады (тәулігіне 1кг дене салмағына 20мг-нан аспауы керек,
оның әсері 30-60 минуттан соң байқалады, ұзақтығы 5-7 күн).
Кортикостероидты гормондардан – преднизолон (3-5 мг/кг), гидрокортизон (5-10
мг/кг) 2-3 күн бойы қолданылады. Бұл гормондарды венаға,
бұлшық етке, ингаляция
жолымен қолдануға болады. Сонымен қатар, гистаминге қарсы әсер ететін, зәр жүргізетін
дәрі-дәрмектер қажеттілігіне байланысты қолданылады.
Ауыр жағдайларда зат алмасу бұзылыстарын толықтырып, пайда болған ауру
белгілеріне сай емдер қолданылады.
Алдын-алу шараларына ауру баланы қатан түрде бөлектеп, оқшау ұстаұ, шынықтыру,
табиғи жолмен тамақтандыру жатады.
Достарыңызбен бөлісу: