тыныс алулардың, брадипноэының, тыныс алу қимылдарының ырғақсыздығының,
қосымша бұлшық еттерінің белсенді қатысуының пайда болуына әсерін тигізеді. Пульс
жиілігінің тыныс алу санына қатынасы 2-1,5:1 болады. Пульс күрт жиілейді. АҚ –
төмендейді. Терінің жайылған көгеруі немесе жайылып бозарған және “мрамор” түстес
теріні акроцианозы байқалады, есі қарауытып, ұстамалы түрде шыдамсызданады.
ІV дәрежелі ТЖ
– өте ауыр кезең және гипоксиялық кома белгілерімен
сипатталады. Тыныс алу ретсіз, ұстамалы түрде, кейде апноэ немесе күрт кезеңдік
белгілері пайда болып, алмасып тұрады. Пульс пен тыныс алу қатынасы 8-9:1. Жер түстес
тері жамылғысының генерализацияланған цианоз байқалады, кейде денеде, аяқ-қолда
көгерген дақтар білінеді. Кейбір аурулардың терісі өліктің боз тәрізді түстеніп, күрт
акроцианоз одан әрі құрысулар пайда болады.
Инфекциялық-токсикалық шок
(ИТШ) – тіндік перфузияның жедел үдемелі кемуі,
осыда оттегімен қамтамасыз ету азайып, түрлі мүшелерде заттек алмасу бұзылуы.
ИТШ микроциркуляторлық бұзылыстан басталады. Грам теріс бактериялардың эндо-
және экзотоксиндері көп мөлшерде ИЛ-1,6, ісік некрозы факторларын түзеп, қантамыр
эндотелийін зақымдайды, гликоизді белсендіреді, лактат-ацидоз дамиды. Токсикалық шок
эндотелийдің лейкоциттер мен тромбоциттердің адгезиялық рецепторларын белсендіреді,
бұған прокоагулянттар мен комплемент жүйесі де қосылады. Нейтофильдер мен тромбо-
циттердің белсенуі қан «ағымымдылығын» азайтады, жалпылама тамырішілік шашырап
ұюдың (ТІШҰ) пайда болуына ықпал етеді. Кейін қан айналысы орталықтандырылады
(гипердинамикалық қарсы реттеу), ол симпатикалық-адренальдық жүйе, қалқанша безі
және бүйрекүсті безінің қыртысты бөлігінің белсенуі арқылы іске асады.
ИТШ-ты сатымен дамиды деп есептейді
:
І саты
– гипердинамикалық («жылы шок», «жылы гипотензия»): оттегі құрамының
артериялық-веналық айырмашылығы азаяды, аздап диастолалық қысым төмендеуі мен
пульстік қысымның жоғарлауы, тахикардия, метаболикалық лактат-ацидоз, ентгіу, жоғары
гипертермия, науқастың эмоциялық және қозғалыстық мазасыздануы (ауық-ауық
тежелуіде мүмкін).
Достарыңызбен бөлісу: