Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Үлкендердің (ересектердің) респираторлық дистресс синдромы (ҮРДС) –



Pdf көрінісі
бет732/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   728   729   730   731   732   733   734   735   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Үлкендердің (ересектердің) респираторлық дистресс синдромы (ҮРДС) –
кардиогенді емес өкпе ісінуі, тығыз өкпе, үлкендердің респираторлық дистресс-
синдромы: рефрактерлік (көнбейтін) гипоксемия (гипероксиялық сынықта жойылмайды),
рентгенде интерстициялық және альвеолярлық өкпе ісінуі белгілері. Клиникасында тері
бозғылдығы мраморлық суретпен, бозғылттық жер түстес, жайылмалы цианоз, аса қатты
ентігу, беткейлі ыңқылдап тыныс алу, тыныс алуға қосымша бұлшықеттердің қатысуы,
тахикардия, бауыр көлемінің ұлғаюы, прекома, кома, құрысу синдромы, шеткі
қанайналысының жетіспеушілігі, геморрагиялық синдром, полимүшелік жетіспеушілік,
олиго-анурия, АҚҚ жоғары немесе төменде болуы мүмкін, қызыну немесе гипертермия,
ТТ-ІІІ, сирек ТТ-ІІ. ҮРДС-те терең морфопатологиялық бұзылыстар терминалдық
респираторлық құрылымдар бірлігін жойып, сурфактантты істен шығарады – сыртқы
тыныстың рестриктивтік бұзылысынан гипоксемия туындайды.
Іріндік асқынулар. Бұлардың бөлінуі: 
І. Өкпеішілік: 
454


1) іріңдіктер (дренажданатын, дренажданбайтын, “гигантты”-ілініп тұратын); 
2) буллалар.
ІІ. Өкпе сыртындағы: 
1) үдемелі медиастинальдық эмфизема; 
2) өкпе-плевралық асқынулар (пиоторакс, пневмоторакс – кернеусіз, кернеулі). 
Пневмонияның іріндік асқынулары 3 жасқа дейінгі балаларда жиірек кездеседі.
Деструкциялық асқынулар қаупіне лобарлық (бөліктік) инфильтрат, әсіресе солжақтық
(ателектаз белгісінсіз), лейкоцитоз (20х10
9
/л-ден жоғары); ЭТЖ жоғарлауы,
лейкоцитарлық формуланың солға жылжуы жатады. Клиникалық ерекшеліктеріне
токсикоздын айқын сипаттары, лабораториялық көрсеткіштер ерекшелігіне А және G
иммундық глобулиндер деңгейінің айқын төмендеуі, Т-лимфоидтық жүйе тежелісінін
белгісі жатады. Әдетте, өкпенің іріндік асқынуларында пневмония қоздырғышы
стафилококк (сирек пневмококк) болады, бірақ қазіргі кезде жасыл ірін таяқшасы,
клебсиелла, стрептококктердін себепкерлік мәні жиілеуде.
Буллалар
– ауалық қуыстар, пневмоцеле. Қуыстар саны, әдетте, 1–5, диаметрі 0,5-5
см, бірақ аз уақытта-ақ бұлардың саны мен көлемі өзгеруі ықтимал. Көбінесе бұл
қуыстардың клиникалық белгілері көрінбейді, ол тек рентгенде ғана анықталады. Әдетте,
булла қуыстары өкпе қабынуы басылғаннан кейінгі уақыттың екінші айында жоғалады,
бірақ кейде рентгенограммада 3-4 айдан кейін де көрініп тұруы мүмкін. Кейбір баларарда
бронхтың бойымен ауа өтуі бұзылған да (мысалы ЖРВИ, бронхит) дем шығару
қиындайтындықтан қуыс көлемі кенет өседі. Бұл кезде соған сәйкес клиникалық
көріністер де байқалады. Буллаға инфекция қонса, не өкпенің инфильтрация ошағы
іріндеген жағдайда ірі бір немесе бірнеше ұсақ іріңдіктер пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   728   729   730   731   732   733   734   735   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет